Ақпарат:

10 қараша 2023 2938

«ҚазСтандарт» пен Сәтбаев Университеті елімізде өмір сүру деңгейін арттыру үшін шешімді қадамдар жасауда

«ҚазСтандарт» пен Сәтбаев Университеті елімізде өмір сүру деңгейін арттыру үшін шешімді қадамдар жасауда

Дүниежүзілік сапа күні мерекесі аясында «ҚазСтандарт» республикалық кәсіпорнының Алматы қаласындағы филиалы Сәтбаев Университетімен (KazStandard Academy) және Алматы технологиялық университетімен бірлесе отырып, «Сапа: сіздің бәсекеге қабілетті әлеуетіңізді жүзеге асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел Дүниежүзілік сапа күнін мерекелеуге және Қазақстанды сапалы тауарлармен қамтамасыз ету үшін нақты қадамдар әзірлеуге арналды, бұл өз кезегінде елде өмір сүру деңгейін көтеруге септігін тигізеді.

Дөңгелек үстелге «ҚазСтандарт» РМК-ның Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының басшысы Дәурен Сәрсенбаев, ҚР ҚР Сауда және интеграция министрлігі (СжИМ) Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Қанат Қабылбеков пен ҚР СжИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ринат Имашев, сондай-ақ стандарттау және метрология саласы бойынша жоғары оқу орындары мен отандық тауар өндірушілердің өкілдері қатысты.

Сәтбаев Университеті атынан «Стандарттау, сертификаттау және метрология» кафедрасының меңгерушісі Дархан Ережеп сөз сөйледі.

Дүниежүзілік сапа күні жоғары сапалы өнімдер мен қызметтердің маңыздылығын насихаттау, сондай-ақ сапа мәселесіне ерекше назар аударту үшін құрылған. Өйткені мәселе тұтыну өнімдерінің адамдар мен қоршаған орта үшін қауіпсіздігі туралы ғана емес, сонымен қатар тұтынушылардың қажеттіліктері мен үміттерін қанағаттандыру дәрежесі туралы болып отыр. Сондықтан Қазақстан қызмет көрсету саласын стандарттау және оның көмегімен нарықты реттеу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Қазір туризм, қонақ үй қызметі, білім беру, көлік-логистикалық қызмет көрсету, қоғамдық тамақтандыру, халыққа тұтынушылық және әлеуметтік қызмет көрсету түрлерінің ұлттық стандарттары әзірленді. Стандарттауға жататын қызметтердің тізімі жыл сайын кеңейіп отырады.

Дөңгелек үстел жұмыс режимінде өтті, оған қатысушылар өз жұмыстары жөнінде талқылап, бір-бірімен байланыстарымен алмасты. «ҚазСтандарт» қызметкерлері қойылған сұрақтарға жауап беріп, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес техникалық реттеу, стандарттау, өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету бөлігіндегі талаптары бойынша түсініктеме берді, техникалық реттеу және стандарттау саласына қажетті мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру, интернет-дүкен, сондай-ақ филиал ұсынатын басқа да қызметтер туралы ақпарат берді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту