11 қараша 2022 2641

«ҚазСтандарт» Сәтбаев Университетінің студенттері мен оқытушыларын марапаттады

«ҚазСтандарт» Сәтбаев Университетінің студенттері мен оқытушыларын марапаттады

«Қазіргі жағдайда сапаны дамыту тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында «KazStandard» өкілдері университеттің студенттері мен оқытушыларын марапаттады.

Стандарттау және метрология саласында кадрлық әлеуетті дамытуға қосқан үлесі үшін аға оқытушы Раушан Шыңғысова мен қауымдастырылған профессор Ғалымбек Баймаханов жоғары марапатқа ие болды.

Сонымен қатар «Мен KazStandard Academy студентімін» атты байқауға бейнеролик ұсынған студенттердің шығармашылығы ерекше аталып өтілді, ал «Стандарттау, сертификаттау және метрология» бағдарламасының бірінші курс студенттері шығармашылық командасының бейнебаяны үздік бейнеролик деп танылды.

«KazStandard Academy-ның ең белсенді студенті» номинациясы бойынша Гүлнұр Сәкен мен Айнұр Шаратбекова жүлделі орындарға ие болды. Ал студенттер арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша аға оқытушы Дарижан Бекенова «KazStandard Academy-ның ең жасампаз оқытушысы» аталды.

КазСтандарт награждает студентов и преподавателей Satbayev University

КазСтандарт награждает студентов и преподавателей Satbayev University

КазСтандарт награждает студентов и преподавателей Satbayev University

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту