«ҚазСтандарт»-та «Стандарттау, сертификаттау және метрология» кафедрасының филиалының ашылды
2022 жылдың 6 қыркүйегінде «ҚазСтандарт» РМК-да «Стандарттау, сертификаттау және метрология» кафедрасының филиалының ашылу рәсімі өтті.
ССжМ филиалының ашылу салтанатына оқу ісі жөніндегі проректор Жәутіков Бақыт Ахатұлы, Алматы филиалының директоры Сатыбалдиев Жанғали Бескемпірұлы, «ҚазСтандарт» РМК бас кеңсесінің өкілдері – Раушан Жанатқызы Аймағамбетова – Басқарма басшысының орынбасары Стратегиялық даму және ғылым департаменті, Динара Талғатқызы Мұқашева – Стратегиялық даму және ғылым бөлімінің бас маманы, Энергетика және машина жасау институты директорының орынбасары Мырзақұлов Мақсат Кендебайұлы, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері қатысты.
Екі ірі ұйымның – Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ мен «ҚазСтандарт» РМК-ның ынтымақтастығы Келісіммен қамтамасыз етілген, оның аясында Сәтбаев Университетінің базасында «KazStandard Academy» ашылған.
Өз кезегінде «ҚазСтандарт» РМК студенттерді зертханалық жабдықтармен қамтамасыз етіп, практикалық және зертханалық сабақтарға екі аудитория дайындады, оларда сабақтар жоспарланып, 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап өткізілуде.
Зертханалық сабақтарды өткізуге ҚазСтандарт РМК жетекші мамандары тартылды, олар оқу үдерісіне ынтамен қосылды.
ҚазСтандарт мамандарының өндірістік тәжірибесі мен Сәтбаев университетінің ғылыми әлеуетін біріктіру негізінде жаңашылдыққа бейімделген, жаңашылдыққа бейімделген, кәсіби құзыреттіліктері қажетті деңгейде жоғары білікті, экономиканы жаңғырту жағдайында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау бағдарламасы жүзеге асырылатынына сенімдіміз.