Ақпарат:

4 қазан 2017 9227

ҚазҰТЗУ-да іСАР семинары өтті

ҚазҰТЗУ-да іСАР семинары өтті

Үстіміздегі жылы 25 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-да Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылған «Thermo Scientific (АҚШ) өндірісінің индуктивті плазмамен байланысқан атомдық-эмиссиялық іСАР спектрометрі» атты оқу семинары өтті. Семинарды элементтік талдау жасауды алғаш рет қолданған, эксперт Георгий Львович Бухбиндер жүргізді, оның ашқан жаңалықтары өндіріс орындарында кеңінен қолданылып келеді.

Семинар негізінен iCAP 6000/7000 спектрометрінің көмегі арқылы қазіргі заманға сай химиялық анализ жасау мәселесіне, сынама жүргізуге дайындық ерекшеліктеріне, анализ жасаудың егжей-тегжейлігіне, сондай-ақ құрал-жабдықтарда жұмыс істеп үйренуге және олардың күтіміне арналды.

Семинарға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Грузия, Украина мен Молдова елдерінің осы саладағы жетекші мамандары, ғылыми-зерттеу институттарының, өндіріс орындары мен мемлекеттік мекемелердің басшылары – барлығы 50 маман қатысты. Георгий Бухбиндердің жүргізген дәрістері мен тәжірибе сабақтары тыңдаушыларға аналитикалық химиядағы атомдық спектрометр әдістері жөніндегі білімдерін одан сайын арттыруға, мыс пен алтынды өндіру мен қайта өңдеу саласы стандарттарының жаңалықтарымен танысуға көмектеседі.

Тәжірибелік сабақ барысында семинарға қатысушылар суға зерттеме жасап, қосымша құрылғының көмегімен судың құрамындағы сынаптың, мышьяктің, селеннің көлемін анықтады және спектрометрде күміске зерттеу жасады.

Семинарда құрал-жабдықтардың күтіміне, зерттеу нәтижелері дұрыс болып шығу үшін құралдардың ұзақ уақыт сенімді түрде жұмыс жасау мәселелеріне баса назар аударылды.

iCAP 6000 / 7000 спектрометрі жоғары сезімталдылықпен көпэлементті әрі тез арада зерттеу жасауға мүмкіндік береді, оны кен байыту, металлургия, мұнай химиясы, агрохимиялық, экология, медицина, криминалистика және тамақ өнеркәсібі салаларының кез келген зертханасына ендіріп, қолдануға болады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту