Ақпарат:

21 сәуір 2017 10230

ҚазҰТЗУ-дағы ағылшын тілі олимпиадасы

ҚазҰТЗУ-дағы ағылшын тілі олимпиадасы

3-4 сәуір күндері университетте ағылшын тілінен олимпиада өтті. Бұл олимпиаданы ағылшын тілі кафедрасы ұлы ғалым Қ. И. Сәтбаевтың 118 жылдығына орай ұйымдастырған болатын. Ағылшын тілін білетін барлық студенттерге осы іс-шараға қатысып, өз білімдерін тексеру мүмкіндігі туған еді. Ал оны өткізуге жауапты тұлғалар: ағылшын тілі кафедрасының оқытушылары Диана Оспанова мен Айнұр Сұраншина болса, демеуші болған – InterPress IH халықаралық тіл орталығы. 

Олимпиада 2 кезеңнен тұрды, оның нәтижесіне бойынша ағылшын тілін жетік білетін үш студент үздік деп танылды:

1-орын – Сәуле Увакова, Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институтының 1-курс студенті;

2-орын – Айдын Искаков, Т. Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институтының 4-курс студенті;

3-орын – Сайду Музамиль Садат, Т. Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институтының 1-курс студенті.

Жеңімпаздарға салтанатты түрде дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды. Ал финалға шыққан 7 студентке сертификаттар мен ынталандыру сыйлықтары берілді.

Жалпы алғанда, студенттер университеттен тыс жерлерде өтетін жарыстарда да тамаша көрсеткіштерге жетіп жүр. Мысалы, биылғы жылы наурыз айында жоғары оқу орындары арасында ағылшын тілінен Тұран университетінде өткізілген олимпиадаға Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың алты студенті қатысып, Химия инженериясы институтының 3-курс студенті Дәурен Искаков жүлделі 3-орынды жеңіп алған болатын. 

Ақпарат көзі: Ағылшын тілі кафедрасы
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту