9 қазан 2017 13149

ҚазҰТЗУ-дың жаңа атауы – Сәтбаев университеті

ҚазҰТЗУ-дың жаңа атауы – Сәтбаев университеті

2017 жылы 5 қазан күні Республика Сарайында тарихы аңызға айналған Политех әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамблінің 50 жылдық мерейтойы мен биылғы бірінші курстарды студенттер қатарына қабылдау рәсімін жаңа стильде салтанатты түрде атап өтті!

Атаулы мерекелік кеш Алматы қаласы студенттерінің өміріндегі ең бір ерекше есте қаларлық сәт болды. Университті жаңа атауымен құттықтауға қазақстандық шоу-бизнестің белгілі өкілдері келді. Атап айтқанда, әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамблі, актер Мүсілім Тәуекел, тележүргізуші Назым Ғаділбек, әнші Абдулкәрім Каримов, пианист-виртуоз Олега Переверзев және тағы басқалары.   

Satbayev University-нің жаңа логотипі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев салып кеткен сара жол мен университетте талай жылдар бойы қалыптасқан дәстүрге деген құрметті білдіреді. Университет эмблемасының дизайны үздік білім беру дәстүрін көрсетіп, жас аудиториямен бір тілде түсінікті сөйлесуге мүмкіндік берсе, ашық кітаптың бейнесі – ғылым мен білімнің шығыстық дәстүрін айқындайды. Стильдендірілген S әрпі мен университеттің ашылған күні халқымыздың сақталып келе жатқан асыл мұрасын, тұрақтылық пен ертеңге деген сенімділікті, техникалық білімнің қай кезде болмасын өзекті екендігін білдіреді.

Университеттің жаңа атауы Қазақстан Президентінің Satbayev University  базасында елдегі ең ірі ғылыми-зерттеу орталығын ашу туралы алға қойған жаңа міндеттерін орындауға толық сәйкес келеді. Оқу орнының алдағы экономикалық моделі қайта қаралып, әрі қарай ол инновациялық жобаларды көбейтуге бағытталып отыр. Сондай-ақ студенттердің өндірістік тәжірибеден өтулеріне және шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық қарым-қатынас жасау мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп отыр. Ал қызметкерлердің көпшілігі өндіріс орындарына қажетті көптеген ғылыми жаңалықтарды ашу үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарына жұмылдырылып, стартаптар санын ұлғайтатын болады.   

Университет атауын қай бағытқа қарай өзгертсе – оның білімі де соған қарай ауысатыны белгілі. Сондықтан да біз сыртқы тұрпатымызды ғана емес, ішкі тыныс-тіршілігімізді де өзгертеміз! Сөйтіп, үнемі биіктен көрініп, бүкіл әлемді бағындыратын боламыз! 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту