24 мамыр 2017 12484

ҚазҰТЗУ Ректорының грантына байқау жарияланды

ҚазҰТЗУ Ректорының грантына байқау жарияланды

Магистратурада оқуға Ректор грантын жеңіп алу үшін, байқаудың төмендегі екі кезеңіне қатысу керек:

І кезең – «Қашықтықтық»: әрбір қатысушы өзі ұсынатын бейнебаянды www.kaznitu.kz  сайтына тіркеуі тиіс (сілтеме төменде берілген);

ІІ кезең – «Финал»: соңғы қорытынды кезеңде жұмыстары байқаудың барлық талаптарына сай келетін үш жеңімпаз анықталады.    

Байқаудың өту уақыты мен тәртібі:

Байқауға қатысушылардың барлығы 2017 жылдың 1 маусымынан бастап 28 шілдеге дейін www.kaznitu.kz сайтына тіркелулері тиіс.

І. «Қашықтықтық»

Байқауға ұсынылатын бейнебаян төменде берілген тақырыптардың бірі бойынша орындалуы керек:

– «Ұқсас дүниенің ақыры: 4.0 индустриясы, немесе Төртінші өндірістік революция не алып келеді»;

– «Сіз 4.0 индустрияны қалай елестетесіз?»;

– «Сіздің мамандығыңыздың 4.0 өндірістік революцияда атқаратын ролі»;

– «ҚазҰТЗУ-дың 4.0 өндірістік революцияда атқаратын ролі»;

Бейнебаян негізінде ұсынылған жұмыста міндетті түрде болуы шарт:

– Жасампаздық;

– Жеке жетістіктері;

– Ғылыми жетекшілерінің, қоғам қайраткерлерінің, белгілі адамдардың байқауға қатысушы туралы және Университет туралы жеке пікірлері;

– Университет пен таңдап алған мамандықтың образын жасауға деген шығармашылық тәсілдеме.

Байқауға ұсынатын жұмысты безендіру талаптары:

– Байқауға ұсынылатын бейнебаянның ұзақтығы 60–150 секунд болуы керек;

– Байқауға ұсынылатын бейнебаянда міндетті түрде Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың суреті мен логотипі болуы керек;

 – Қатысушы ұсынған бейнебаян әлеуметтік желілерде (youtube.com) көптеп қаралып, көптеген пікірлерге (лайк, репосттарға) ие болуы керек.

II. Финал

Байқаудың қорытынды финалы Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың бас оқу ғимаратында өтеді.

Қорытынды кезеңде әділқазылар ең үздік бейнебаяндарды таңдап алып, үш жеңімпазды атайды (шешім шығарған кезде бейнебаянның әлеуметтік желілерде қаралған саны, жазылған пікірлер мен қойылған репост, лайк сандары есепке алынады).

Тіркеу үшін сілтеме: Showreel

Сұрақтарыңыз болса мына телефонға хабарласыңыз: +7 (727) 292 5861,

немесе электрондық поштаға жазыныз:  ainura.zhub@gmail.com

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту