Ақпарат:

3 желтоқсан 2024 1218

Кез келген адам арманына қол жеткізе алуы керек: Сәтбаев университеті мен халықаралық сарапшылар инклюзивті білім берудің болашақ жобаларын талқылауда

Кез келген адам арманына қол жеткізе алуы керек: Сәтбаев университеті мен халықаралық сарапшылар инклюзивті білім берудің болашақ жобаларын талқылауда

Ерекше күтімді қажет ететін студенттер мен олардың білім беру мақсаттары арасындағы кедергілер жойылуы керек – бұл туралы Сәтбаев университетінің сарапшылары Institut of International Education және Amideast халықаралық білім беру ұйымдарының өкілдерімен кездесу барысында айтылды, кездесу инклюзивті білім беру саласындағы бірлескен жобаларды талқылауға арналды.

Кездесуге Ғылым және корпоративтік даму жөніндегі проректор Ержан Көлдеев, Инклюзивті білім беру орталығының жетекшісі Диляра Урманова және «Steppe Global Education» қоғамдық қорының жетекшісі мен Institute of International Education халықаралық ұйымының Қазақстандағы аймақтық директоры, Amideast коммерциялық емес ұйымының өкілдері, сондай-ақ университет департаменттері мен кафедра қызметкерлері қатысты. Тараптар болашақ бірлескен жобаларға деген көзқарастарымен бөлісіп, ерекше күтімді қажет ететін студенттерді қолдау бағдарламаларын құру және инклюзивті білім беру стратегияларын әзірлеуге халықаралық тәжірибені енгізу мәселелері туралы талқылады.

Осы жоспарларды жүзеге асыру үшін, Сәтбаев университеті Amideast коммерциялық емес ұйымымен ортақ жобаларды жүзеге асыруды қарастыруда. Бұл ұйым 1951 жылдан бері Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада халықаралық білім, кәсіптік оқыту және даму бағдарламаларына қолдау көрсетіп келе жатыр. Amideast ұйымының негізгі миссиясы – білім беру және мәдени бағдарламалар арқылы Америка Құрама Штаттары мен сол аймақтағы елдер арасында өзара түсіністікті арттыру болып табылады.

Екінші жағынан, білім берудің инклюзивтілігін арттыру – көптеген жылдар бойы Сәтбаев университетінің басты мақсаттарының бірі болып келеді. Университет ерекше күтімді қажет ететін жандардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған көптеген жобаларды жүзеге асыруда. Алда протез шығаратын зауыт салу жобасы тұр, зауыттан шығатын протездер оны киетін адамның жеке ерекшеліктеріне сәйкес әзірленіп, толық қызмет көрсетіледі.

Студенттер мен оқытушылардың білім алуына барлық мүмкіндіктерді жасау мақсатында университет өз инфрақұрылымы мен ақпарат тарату базасын жаңартты. Атап айтқанда, университет сайтында нашар көретін жандарға арналған модуль бар, ал кампус мүмкіндігі шектеулі студенттер үшін ыңғайлы ортаны қамтамасыз ететін тактильді белгілермен және пандустармен жабдықталған.

Университет тарихы өте ұзақ – оның ғимараттарының көпшілігі ХХ ғасырдың 50-жылдары ескі стандарттар бойынша салынған, ал енді қазір кедергісіз орта құру үшін бұл ғимараттарды қайта құрып, күрделі жөндеуден өткізу өте қымбатқа түспек. Десек те, Сәтбаев университеті инфрақұрылымды мүмкіндігінше қайта құруға инвестиция салуда және кедергісіз стандарттарға сәйкес жобаланған ғимараттарды қосымша салуды жоспарлап отыр. Бұл жобаға оқу мен шығармашылық үшін Алматы қаласының барлық тұрғындарына арналған алаң құрып, ол инфрақұрылымды тәулік бойы қолжетімді ету кіреді. Университет мамандарының айтуынша, әрбір адам жоғары білімге, өз армандарын жүзеге асыруға, сөйтіп қалаған жұлдызына қол жеткізе алуы керек.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту