Ақпарат:

4 сәуір 2024 2925

«Химиктер лигасы» IV ұлттық зияткерлік ойыны

«Химиктер лигасы» IV ұлттық зияткерлік ойыны

Сәтбаев университетінің «Химиялық процестер және өнеркәсіптік экология» кафедрасы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы» кафедрасымен бірлесіп Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Химиктер лигасы» IV ұлттық зияткерлік ойыны өткізді.

Бұл Ойын жоғары оқу орындар арасындағы достық байланыстарды нығайту, сонымен қатар студенттердің ғылыми әлеуетін анықтау және ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды. «Химиктер лигасы» Тұрақты Даму Мақсаттарына тікелей сәйкес келетін қоғамдастыққа сапалы білім беруге көмектеседі.

Биыл Ойынға жоғары оқу орындарынан 7 команда қатысты. Олар: Сәтбаев университеті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Сулейман Демирел Университеті (СДУ), С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Қазақ-Британ техникалық университеті.

Бірінші орынды «Химиялық процестер және өнеркәсіптік экология» кафедрасының аға оқытушысы Раимбекова А.С. жетекшілігімен Сәтбаев университетінің «Монооксид дигидрогена» командасы иеленді. Екінші орын – «The teachers» СДУ, үшінші орын – «Катализатор квартеті» Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Бұл аса зор іс-шара студенттердің оқу жетістіктері мен дарындылығын ғана емес, сонымен Қазақстанның жетекші оқу орындарының ғылыми білім мен технологияны дамытудағы ынтымақтастығы маңыздылығын көрсетті.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту