23 қаңтар 2019 4967

Қ.И. Сәтбаевты еске алу кеші өтеді

Қ.И. Сәтбаевты еске алу кеші өтеді

Тұңғыш кәсіби инженер-геолог, алғашқы ғылым докторы, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың тұңғыш иегері, КСРО және Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушы әрі оның бірінші Президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 120 жылдығы құрметіне орай 2019 жылы 31 қаңтар күні 17.00 Конференц-зал МҒ СМжД Тарихи мұралар орталығы әдеби-музыкалық кеш өткізеді.

Кеште ҚР ҰҒА академигі Д.К.Кішібеков, Сәтбаевтанушылар Н.В.Ниретина мен А.Ә.Өмірбеков қысқаша естелік сөз сөйлейді, деректі фильм көрсетіліп, «Бәйшешек» әдеби бірлестігі мүшелері жыр оқып, ән-күй төгеді.

Іс-шара студенттерге Ұлы тұлға өмірінің өнегелі беттерінен сыр шертеді. 20 жылдан бері есімімен аталып отырған университеттің жастарына дара дарынды біле түсуге қызығушылық танытып, оқуға деген ынталарын арттырады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту