Климаттың өзгеруі саласындағы инновациялар бойынша жастар байқауы басталады #DestinationZero
Жаңашылдардың, өнертапқыштардың, инженерлер мен өзгерту агенттерінің #climatechange келесі буынына арналған байқауға қатыса отырып, сіз өз идеяңызды жүзеге асыру үшін 5000 фунт стерлинг қаржы ұтып аласыз, сонымен қатар оқу мүмкіндігіне ие боласыз.
#DestinationZero – бұл климаттың өзгеруімен күресуді және әлемді жақсы жаққа өзгертуді қалайтын жастарға арналған инновациялық бастама. Климат өзгеруінің әсеріне бейімделуге немесе көміртегі шығарындыларының нөлдік көрсеткішіне жақындауға көмектесетін идеялар барынша қолдау алады. Жасы 18 бен 35 аралығындағы студенттер байқауға қатысу үшін өтініш беруге құқылы, сөйтіп олар өздерінің инновациялық жобаларын әрі қарай дамыту үшін 5000 фунт стерлинг ұтып алуға мүмкіндік алады.
#DestinationZero байқауына қатысу үшін өтініштер мен конкурс материалдары 14 ақпанға дейін қабылданады.
Байқауға қатысуға өтініш беру үшін, кез келген әлеуметтік желіде (Facebook, Instagram, Twitter немесе YouTube ) #DestinationZero хэштегімен бірге 60-секундтық бейнебаян орналастыру керек.
Бейнежазбада сіз өзіңіздің аты-жөніңізді, жасыңызды және қай елден екеніңізді көрсетуіңіз керек, содан кейін климаттың өзгеруі саласындағы инновациялық идеяңыз жайлы айтасыз. Жаңа бизнес-модельдер, климаттың өзгеруін ескерту жөніндегі жаңа ғылыми инновациялар немесе жүйелер инновациялық идеялар болып саналады.
Өтініш қабылдаудың соңғы уақыты: 14 ақпан күні, Ұлыбритания уақыты бойынша сағат 23:59.
Конкурстың қысқаша сипаттамасы мен шарты туралы толық ақпаратты сілтеме арқылы алуға болады.
Конкурстың ережелері мен талаптары туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы табуға болады: https://www.britishcouncil.org/programmes/cop-26