Ақпарат:

13 наурыз 2024 1600

Көкөніс пен жеміс-жидектерге арналған жеуге жарамды пленка: Satbayev University ғалымдарының технологиясы

Көкөніс пен жеміс-жидектерге арналған жеуге жарамды  пленка: Satbayev University ғалымдарының технологиясы

Сәтбаев Университетінің жас ғалымдары Шаймардан Есбол мен Қабдрахманова Айнұр Қанатқызы көкөністер мен жемістерді ұзақ уақыт бұзылудан сақтауға арналған жеуге жарамды пленкалық материал алу технологиясын әзірледі. Ғалымдарымыз ұсынған технологияның ерекшелігі – жеуге жарамды пленка – ауыл шаруашылығы қалдығынан алынған наноцеллюлоза, карбоксиметилцеллюлоза және пектиннен, құрамына гибискус (Hibiscus trionum L.), яғни көпшілікке каркаде атымен танымал гүл сығындысын қосу арқылы пленкаға антибактериалды қасиет беру нәтижесінде алынып, көкөністер мен жемістерді ғана емес, жалпы тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі мен сақталу уақытын арттыру, оны сыртқы әсерден қорғау және тасымалдау қауіпсіздігінің мәселесін шешеді.

Пленка құрамындағы наноцеллюлоза беріктілікті қамтамасыз етсе, алма, апельсин, лимон секілді жеміс қалдықтарынан алынған пектин тағамның бастапқы қалпын сақтауға, ал еліміздің оңтүстік өңірінде өсетін гибискус гүлінің сығындысы жеуге жарамды пленкаға рН-сезімталдық пен антибактериалдық қасиет береді. Өздеріңіз байқағандай, жас ғалымдардың зерттеулері нәтижесінде алынған көкөністер мен жемістерді және тамақ өнімдерін қаптауға арналған жеуге жарамды пленка толығымен отандық шикізатты, яғни республикамыздың агроөндірістік кешенінің қалдықтарын қолдану арқылы әзірленіп, «жасыл» технология мен экология және экономика тұрғысынан тиімді болып отыр. Бұл ең алдымен елімізде өсірілетін көкөністер мен жемістерді тасымалдау әлеуетін арттырып, экспорттауға қажетті жағдай тудырады. Әрі пектин алу технологиясын дамытып, қазақстандық кондитерлік фабрикалар мен тамақ өнеркәсібін импорттық тәуелділіктен арылтады, сөйтіп елімізде ғалымдарымыздың экологиялық жолмен пектин алу нарығын дамытады деп сенеміз.  

Қаныш Сәтбаевтың салған сара жолын жалғастырушы жас Сәтбаевтанушыларға  өз отанымыздың ғылымының дамуына сүбелі үлестері мен   тәжірибелері үшін алғыс айтамыз. 

Съедобное защитное покрытие для овощей и фруктов: технология от ученых Satbayev University

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту