Ақпарат:

16 наурыз 2023 4419

Конференцияға шақыру «Ұлытау – Қазақстан металлургиясының бесігі» (18-19 мая)

Конференцияға шақыру «Ұлытау – Қазақстан металлургиясының бесігі» (18-19 мая)

Сіздерді Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақ КСР Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, техника ғылымдарының докторы, профессор Ибрагим Әбілғазыұлы Онаевтың туғанына 110 жыл толуына арналған «Ұлытау – Қазақстан металлургиясының бесігі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз.

Конференция жұмысы 4 секция бойынша өтеді:

  1. Тау-кен инженериясы
  2. Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту
  3. Экологиялық қауіпсіздік және еңбекті қорғау
  4. Тау-кен металлургия индустриясындағы сервистік технологиялар

Конференция отырыстарында Қазақстанның тау-кен – металлургия кешенінің түйінді проблемалары талданады, кешенді дамытудың ресурстық тұжырымдамасын Орта Азияның ғылыми-инновациялық кластеріне трансформациялау бойынша нақты механизм мен сапалы шаралар ұсынылады

Конференция аясында көрнекті ғалым, академик Ибрагим Онаевтың 110 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтеді. Ол Қазақстан экономикасы үшін ғылыми және инженерлік кадрларды даярлау мен тәрбиелеуге елеулі үлес қосқан қазақстандық металлургия мектебінің негізін қалаушы, еліміздің ең жарқын және көрнекті ғалым - металлургтерінің бірі.

Конференция дәстүрлі және онлайн форматта өтеді. Қатысуға өтінімдер 2023 жылғы 17 сәуірге дейін қабылданады.

Еңбек жинағын шығару конференциядан кейін университет сайтында электронды түрде жоспарлануда. Баяндамалар (қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде) конференция хатшылығының атына 2023 жылғы 25 сәуірге дейін ұсынылады. Ұйымдастыру комитеті талаптарға сәйкес келмейтін баяндамаларды қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.

Материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптар және конференция туралы қосымша ақпарат

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту