Ақпарат:

2 наурыз 2020 10570

Коронавирус індеті таралуының алдын алу шаралары басталды

Коронавирус індеті таралуының алдын алу шаралары басталды

«Коронавирус COVID-19» деп аталатын пневмония індеті әлі де болса өршіп тұр. Бүгінде бұл індет әлем бойынша 88 571 адамда тіркелген, күн сайын оның саны 2%-ға өсіп отыр.

Осыған байланысты 17 ақпан күні Қазақстанның Бас санитарлық дәрігерінің коронавирус індеті таралуының алдын алу шараларын күшейту туралы және шетелдерден келген адамдардың Қазақстанда өзін-өзі ұстау ережелері туралы қаулысы бекітілді.

Аталмыш індеттің алдын алу үшін, осы вирус көп тараған елдерден келген адамдарды жедел түрде карантинге жабу қарастырылған. Қытай елінен келген адамдар бірден 14 күнге карантинге жабылып, содан кейін 10 күн үйде дәрігердің қатаң қадағалауында болады. Ал бұл ауру 10 шақты адамға ғана тараған елдерден келген жолаушылар үйлерінде дәрігердің қатаң қадағалауында болады.

Сондай-ақ карантинді бұзған адам Әкімшілік кодекстің 462-бабына сәйкес жауапқа тартылып, айыппұл төлеу жазасы да қарастырылған.

Қазақстан азаматтарына эпидемиологиялық қауіптілігі жоғары елдерге бармауға кеңес беріліп отыр. Атап айтқанда, бұлар: Қытай (79 826), Оңтүстік Корея (3 526), Италия (1 128), Иран (978), Жапония (241), Франция (130), Германия (117), Сингапур (102), Гонконг (96), АҚШ (77), Тайвань (23), Малайзия (22), Вьетнам (16), Австралия (15), Макао (10).

Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда мына телефондар арқылы орталыққа хабарласуға болады: 1406 немесе 8-7172 76 43 80.

 

Қазақстанның Бас санитарлық дәрігерінің коронавирус (COVID-19) індеті таралуының алдын алу шараларын күшейту туралы 2020 жылы 25 ақпандағы №9 қаулысы негізінде 2020 жылдың 1 наурызынан бастап індеттің алдын алу шараларын енгізу жөніндегі ескертуді жүктеу. 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту