ҚР Білім және ғылым министрлігі 2019 оқу жылына гранттар бөлді
ҚР Білім және ғылым министрлігі 2019−2020 оқу жылында жоғары білімді мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырыстарын бекітті. Талапкерлерге 50 985 грант бөлінді.
Мемлекеттік тапсырыс төмендегі мамандықтар бойынша бөлінді:
Педагогикалық ғылымдар — 8276; Өнер — 1615; Әлеуметтік ғылымдар (журналистика, ақпараттандыру) — 960; Бизнес — 1223; Жаратылыстану ғылымдары — 4088; Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар — 5977; Техникалық ғылымдар — 15011; Ауыл шаруашылығы ғылымдары — 1600; Ветеринария — 835; Қызмет көрсету салалары — 2200; Дайындық (ҚР-ның азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларға арналған бөлімдер) — 2450; «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы бойынша — 5109; Басқалар — 1641.
Гранттар еліміздің жоғары оқу орындарына бөлініп жіберілді, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің ақпараттар қызметінен.
2018−2019 оқу жылына БжҒМ 53 594 грант бөлді.
Медициналық мамандықтарға бөлінген мемлекеттік білім беру тапсырыстарын Денсаулық сақтау министрлігі орналастырады. Ал болашақ дәрігерлерге бөлінген грант сандары кейінірек белгілі болады.