Ақпарат:

12 қыркүйек 2022 4574

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Сәтбаев Университетіне келді

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Сәтбаев Университетіне келді

12 қыркүйек күні ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ресми сапар аясында Сәтбаев Университетіне келіп, жоғары оқу орнының ғылыми жетістіктерімен және әлеуетімен танысты. 

Министр өзінің іссапарын виртуалды шындық саласындағы әзірлемелерге бағытталған VR зертханасына барудан басталды. Саясат Нұрбек пен Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев VR-технологияларының болашағы туралы талқыласа, университет студенттері олармен қалай жұмыс істеу керектігін көрсетті.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Сәтбаев Университетіне келді

Министр сонымен қатар университеттің Ғылыми жетістіктер көрмесін аралады, онда ұшқышсыз ұшатын аппараттардың оқу-өндірістік зертханасының әзірлемелерімен, кен орындарын талдау және логистикалық операциялардың интеллектуалды жүйелерімен, сондай-ақ студенттердің Racing Team командасының жарыс машинасымен, Сәтбаев Университетінің басқа да жетістіктерімен танысты. Жетістіктермен таныстыру шарасын университеттің Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Әлібек Шоқпаров жүргізді.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Сәтбаев Университетіне келді

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Сәтбаев Университетіне келді

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Сәтбаев Университетіне келді

Министр университеттің жетістіктерін жоғары бағалады, сонымен қатар республиканың ғылыми әлеуетін дамыту жөніндегі Президент тапсырмаларын орындау аясында университетті одан әрі дамыту барысындағы көзқарасы туралы жиналғандармен бөлісті:

— Мемлекет басшысының бізге берген тағы бір үлкен тапсырмасы – ғылыми жұмыстың басым бағыттарын қайтадан қарап шығу. Қазіргі таңда алдымызда тұрған басты мәселелердің бірі – біздің жасаған әзірлемелерімізді халық шынымен де пайдалана алатындығына көз жеткізу. Екінші мәселе – су қауіпсіздігі мәселесі. Алдағы 3-5 жылда бұл мәселе ел қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызы зор тақырып болмақ. Сондықтан да дәл осы мәселе жөнінде мемлекет сіздің университетке үлкен үміт артып отыр, – деді.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Сәтбаев Университетіне келді

Министр сондай-ақ келесі жылдан бастап қолданысқа енгізілетін ғылыми әзірлемелерді қаржыландырудың жаңа түрлері туралы да атап өтті, оның ішінде коммерцияландыруға берілетін гранттарды ұлғайту, коммерцияландыру, маркетинг және сату бойынша шығармашылық ғылыми ұжымдарды даярлау бағдарламасын енгізу, ғылыми әзірлемелерге құқықтық қолдау көрсетуші патенттік сенім білдірілген өкілдер институтын жоғары оқу орны жанынан құру қажеттігі туралы да айтып өтті.

Көрмені аралап болғаннан кейін министр университет демеушілерінің көмегімен күрделі жөндеуден өткен жаңа жылу-техникалық корпусты, технопаркті аралады, Сәтбаев Университетінің студенттік жатақханалары мен Медициналық орталығына барды, сөйтіп жоғары оқу орнының жаңа оқу жылына толық дайын екендігіне көз жеткізіп, оның жұмысын жоғары бағалады.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Сәтбаев Университетіне келді

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Сәтбаев Университетіне келді

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту