Ақпарат:

20 қаңтар 2023 4205

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі жұмыс сапары аясында Сәтбаев Университетіне келді

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі жұмыс сапары аясында Сәтбаев Университетіне келді

20 қаңтар күні ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жұмыс сапары аясында Сәтбаев Университетіне келіп, университеттің геолог мамандарымен кездесті. Олар министрге қайтадан қалпына келтірілген Геологиялық мұражайды көрсетті.

Министр науки и высшего образования  в рамках рабочей поездки посетил Satbayev University

Минералогия галереясы мен геологиялық мұражай – Сәтбаев Университетінің мектеп оқушылары мен студенттерді еліміздің тамаша қазба байлығымен таныстыратын және баға жетпес құнды пайдалы қазбалар әлемінің сырын ашатын ерекше тарихи жобасы. Мұражайды қайтадан қалпына келтіру жұмыстарына «Қазақмыс Барлау» және Qazaq Geophysics компаниялары демеушілік етті.

Министр науки и высшего образования  в рамках рабочей поездки посетил Satbayev University

Мұражайдың бай көрмесінде Қазақстанның геологиялық құрылымын және бүкіл әлемнің стандартты салымдарын сипаттайтын тас материалдарының анықтамалық экспонаттарын тамашалауға мүмкіндік бар. Мұражай студенттерге практикалық геологияны зерттеу жолдарын меңгеруге алғашқы оқу күнінен бастап көмектеседі.

Министр науки и высшего образования  в рамках рабочей поездки посетил Satbayev University

Мұражайды аралап болғаннан кейін соң министр Тіркеу кеңсесінің жұмысымен танысты. Қоғамдық қабылдау бөлімінде болып, Сәтбаев Университетінің студенттері мен магистранттары әзірлеген SU Solutions мобильді қосымшасымен танысты. Сондай-ақ электромобильдерді жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі ғылыми-өндірістік орталық пен электр разряд станциясын құру жобасымен де танысты.

Министр науки и высшего образования  в рамках рабочей поездки посетил Satbayev University

Сапар соңында министр Сәтбаев университетінің студенттеріне арналған UniHUB жастар коворкингінде студенттерімен кездесу өткізіп, оқу үдерісі мен ғылыми жобалар мәселелері жөнінде талқылады. Әңгіме барысында студенттер Масанчи көшесінің бойындағы «Дос-Мұқасан» аллеясын салу жобасы туралы әңгімеледі. Бұл – Сәтбаев Университеті студенттерінің Алматы қаласы әкімдігі мен UniHUB коворкинг инвесторларымен бірлесе отырып қолға алған бастамасы.

Министр науки и высшего образования  в рамках рабочей поездки посетил Satbayev University

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту