ҚР Премьер-министрі Инновациялық технологиялар паркінде
Қазақстан Республикасының премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы арнайы экономикалық зонаның «Алатау» Инновациялық технологиялар паркін аралады. ҚБТУ-нің теңіз академиясында премьер-министрге бұрғылау үрдісін модельдеуге мүмкіндік беретін қондырғының қалайша жұмыс істейтіні көрсетілді. Онда студенттермен қатар мұнай компанияларының жұмыскерлері де жұмыс жасайды.
KBTU Drilling Centre – жоғары технологиялық оқу-жаттығулық орталық, ТМД елдерінде ұқсас баламасы жоқ, бірлі де бірегейлі объект. Бұл орталық бұрғылау бригадасы қызметкерлерінің құрал-жабдықтармен танысуға және олардың жұмысқа психологиялық сәйкестігін тексеруге арналған; сондай-ақ типтік және стандартқа жатпайтын технологиялық операцияларды өңдеуге; бұрғылау және барлау жұмыстарының қиыншылық жағдайда жүргізіліп тұратын әртүрлі жобаларын да өңдеуге арналған.
Drill Sim жаттығу құрылғысының ерекшелігі – ол жұмыс аймағында кездесетін тегіс жер үстінде де және ойпаңды-қайраңды жерлерде де қолдануға ыңғайлы, ал онымен жаттығу жұмыстары нақты уақыт аралығында жүргізіле береді.