Ақпарат:

13 наурыз 2017 11077

ҚР Президентінің жаңа Жолдауын талқылауға арналған «дөңгелек үстел»

ҚР Президентінің жаңа Жолдауын талқылауға арналған «дөңгелек үстел»

Жуырда Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың жас ғалымдары, ғылыми жобалар жетекшілері мен Жинақтау-талдау департаменттің өкілдері бірлесіп, жоспарлы кездесу өткізді. Кездесу барысында ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекелестік»атты жаңа Жолдауын талқылауға арналған «дөңгелек үстел» болып өтті. «Дөңгелек үстел» барысында «Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КеАҚ базасында ғылыми және инновациялық әлеуетті дамытудың конструктивті шаралары туралы мәселе қаралды.

«Дөңгелек үстелге» Жинақтау-талдау департаментінің директоры Жұлдыз Ахметова, ЖТД директорының орынбасары Дина Баймұханова, ҚР БҒМ-нің Ғылым комитеті мен Дүниежүзілік банк қаржыландырып, мақұлданған ғылыми жобаға қатысушы Айдос Жолдасов, «Өнеркәсіптік экология және биотехнология» кафедрасының меңгерушісі Юлия Дё, Калифорния мемлекеттік университетінің түлегі, КИМЭП/Дж. Вашингтон университетінің магистранты Азамат Кашебаев қатысты.

Жиында ЖТД-нің директоры Жұлдыз Ахметова баяндама жасап, жас ғалымдар атынан Юлия Дё және Айдос Жолдасов сөз сөйледі. Олар Президент Жолдауында белгіленген тапсырмалардың маңызы өте жоғары екенін, Елбасы атап көрсеткендей, ғылыми әлеуетті дамыту векторы жаһандық кеңістікте бәсекелестіктің жаңа шыңдарына шығуға мүмкіндік беретінін баса атап өтті.

 

 

ЖТД

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту