Ақпарат:

12 қыркүйек 2023 4882

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Сәтбаев Университетінің ғалым-гидрогеологтарымен кездесті

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Сәтбаев Университетінің ғалым-гидрогеологтарымен кездесті

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары аясында Сәтбаев Университетінде болып, университет басшылығымен, су шаруашылығының ардагер қызметкерлерімен және халықаралық ұйым өкілдерімен кездесу өткізіп, Қазақстанды сумен қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылады. Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев өз сөзінде «Сәтбаев Университетінің даму бағдарламасында» су қауіпсіздігі саласындағы зерттеулер мен гидрогеология саласы үшін кадрларды даярлау жеке бағыт ретінде атап көрсетілгенін айтып өтті.

– Мемлекет басшысының жаңа Су ресурстары және ирригация министрлігінің құрылымында Ұлттық гидрогеологиялық қызметті құру туралы шешімі Қазақстанның гидрогеология саласы үшін ерекше шешім болмақ, өйткені ол жер асты суларының негізінде жаңа су көздерін ашу үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз етеді», – деді өз сөзінде Мейрам Бегентаев.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Сәтбаев Университетінің ғалым-гидрогеологтарымен кездесті

Жиында Аралды құтқару халықаралық қорының ҚР атқарушы дирекциясының директоры Болат Бекнияз сөз сөйлеп, трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану мәселелері бойынша елдер арасындағы өзара түсіністік пен тұрақты байланысты қамтамасыз ету үшін, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей университеттері арасында ынтымақтастық орнату қажет деп санайды.  

Халықаралық сарапшы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Төлеген Сәрсембеков Орталық Азия елдерінің су-энергетикалық консорциумын құру жөніндегі Қазақстанның бастамасын жүзеге асыру барысы туралы айтып берді.

«Қазгипроводхоз» компаниясының директоры, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Анатолий Рябцев Қазақстанның қолда бар су ресурстарын ұлғайту нұсқасы ретінде өзен ағынын бассейнаралық ауыстыру мәселесін зерттеуді одан әрі жалғастыруды ұсынды.

Жиын соңында геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, Сәтбаев Университетінің профессоры, «Геотерм» компаниясының басшысы Дулат Қалитов Су ресурстары және ирригация министрлігінің қайта құрылуы су шаруашылығы саласындағы қордаланған мәселелерді шешуге кешенді көзқарасты қамтамасыз ететінін, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте суды тиімді пайдалануға бақылауды күшейтетінін және Қазақстанның су қауіпсіздігін нығайтуға ықпал ететінін де атап өтті.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Сәтбаев Университетінің ғалым-гидрогеологтарымен кездесті

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту