«Күміс университетінің» ұйымдастыруымен «Объективте – Менің Әлемім!» атты үшінші мобильді фотобайқауы жарияланады!
Satbayev University «Күміс университеті» жобасы аясында Алматы қалалық БҰӨО-мен бірлесіп ұйымдастыратын «Объективте – Менің Әлемім!» атты мобильді фотосурет байқауына қатысуға шақырады. Байқау 2026 жылғы 2 ақпаннан 30 сәуірге дейін өтеді.
Байқауға күміс жас (55+) және алтын жас (80+) санатындағы барлық қалаушылар қатыса алады.
Жыл сайын өтетін «Объективте – Менің Әлемім!» фотобайқауының басты мақсаты — фотосурет арқылы күміс жастағы адамдардың өмірінен сыр шертетін әсерлі сәттерді, ерекше оқиғалар мен эмоцияларды көрсету.
Байқауға:
- салауатты өмір салтын насихаттайтын,
- қоршаған ортаның сұлулығын бейнелейтін,
- фотосурет арқылы көркем түрде жеткізілген жұмыстар қабылданады.
Байқауға соңғы 3 жыл ішінде ұялы телефонмен түсірілген фотосуреттер қабылданады. Барлық жұмыстар қатысушының өзіне тиесілі, түпнұсқа болуы тиіс.
Фотосуреттер Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеуі қажет.
Фотосуреттерді компьютерде өңдеуге рұқсат етіледі, алайда жасанды интеллект негізіндегі бағдарламаларды (Midjourney, DALL·E, Photoshop AI, Remini, Topaz және т.б.) қолдануға тыйым салынады.
Фотобайқау бағыттары:
- Кадрдағы өмір (отбасы, балалар мен немерелер, достар);
- Эмоция сәті (репортаж, көше фотосы, спорттық фото);
- Күміс көкжиектер (натюрморт, табиғат, туған қала мен ел сәулеті, тревел-фотография);
- Мәселеге бет бұр (Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік, экологиялық және мәдени мәселелерді шығармашылық тұрғыда бейнелеу).
Фотосуреттер:
- электрондық пошта арқылы,
- WhatsApp арқылы
немесе
Алматы қаласы, Қ. Сәтбаев көшесі, 22В/5, 304-кабинетке жеке қабылданады.
Фотосуреттерге қоса берілуі тиіс мәліметтер:
- фотосуреттің түпнұсқа атауы;
- автордың аты-жөні, жасы, байланыс телефоны және тұрғылықты жері.
Байланыс үшін:
Шыныбекова Аружан
a.shynybekova@Satbaev.university +7 (747) 510-6708
Бақыт Шәріпов
bsharipov@mail.ru +7 (701) 999-1592
Сіздерді әсерлі, бірегей әрі есте қаларлық фотосуреттермен қатысуға шақырамыз!



