30 шілде 2020 5032

Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

Құрбан айт мерекесі құтты болсын!
Rector Satbayev University Iskander Beysembetov

Құрметті әріптестер! Қымбатты докторанттар, магистранттар, студенттер!

Сіздерді барлық мұсылман қауымының қасиетті мерекесі – Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!  

Құрбан айт халқымыздың өмірінде ерекше орын алады. Жалпы оқытылатын дұға барлық діншіл жандарға мейірімділікті, адамдардың бір-біріне деген қамқорлығын, жақсылығын, Құдаймен рухани байланыста екенін еске салады, ал құрбандық шалу рәсімі Жаратушыға деген ризашылықты білдіріп, адамдарда мейірімділік сезімін оятады, игі істер жасауға шақырады.

Биылғы жылы бұл қасиетті мереке бәріміз үшін ерекше жағдайда өтіп жатыр, әрі кез-келген жағдайда адал болып қалуға, мұқтаж жандарға көмектесуге, бір-бірімізге қамқорлық жасауға болатындығын дәлелдеп отыр.

Баршаңызды қасиетті мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға аманшылық пен береке-бірлік тілеймін! Бұл күн Сіздер үшін рухани жаңару мен игі істер бастайтын ерекше күн болсын, барлық жақсы тілектер қабыл болсын!

Игі құрметпен, 
Сәтбаев университетінің Ректоры
Искандер Бейсембетов

 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту