Ақпарат:

17 шілде 2020 10427

Күзгі семестрдің басы қалай өтеді

Күзгі семестрдің басы қалай өтеді

Құрметті студенттер!

Біздің еліміз коронавирустық инфекцияның пандемиясын бастан кешуде. Оның салдары қоғамға күзгі кезеңде де әсер ететін болады.

Осыған байланысты Satbayev University күзгі семестрді қашықтықтан-сырттай форматта бастау туралы шешім қабылдады. Бұл дегеніміз, университетте аудиториялық сабақтар болмайды, сіз оқытушылармен және курстастармен тек біздің электрондық ресурстарымыз арқылы кездесіп білім ала аласыз.

Естеріңізге сала кетейік, біздің Polytechonline.kz платформасында барлық студенттердің жеке аккаунттары мен Microsoft Office 365 бумасының бұлтты қызметтері бар.

Microsoft Office 365 платформасында сізге мынадай қызметтер көрсетіледі:

  • E-mail мекенжайы бар Outlook дербес пошта жәшігі {атының бірінші әрпі.тегі}@stud.satbayev.university (мысалы, r.iskakov@stud.satbayev.university) арқылы кафедра, әкімшілік және басқа студенттер сізбен әрқашан байланыса алады, сондай-ақ осы пошта жәшігі кез-келген басқа электрондық пошта алушымен байланыс жасау үшін қолданылуы мүмкін. Пошта жәшігінің  көлемі 50 Гб;
  • Жеке бұлт қоймасының 1 терабайты бар Microsoft OneDrive;
  • Microsoft Teams;
  • Күнтізбе, жоспарлаушы, OneNote және басқа бағдарламалар;
  • Microsoft Office-Word, Excel, PowerPoint және т.б. оnline бағдарламалары.

Қолдануға болатын барлық қосымшаларды https://office.com порталына кіру арқылы және пайдаланушының есептік жазбасының астында авторизациялану арқылы көруге болады.

Аталған платформаларға кіру оқу порталына кіруге арналған сіздің ID-мен және құпиясөзбен сәйкес келетін логинді пайдаланған жағдайда ғана мүмкін болады.

Microsoft бұлтты сервистеріне кіру үшін {ID}@stud.satbayev.university форматының логинін пайдалану қажет.

Күзгі семестр кезеңінде университетке кіру санитарлық-гигиеналық нормаларды қатаң сақтаумен және студенттердің кітапханаға, компьютерлік залдарға, басқа да ресурстық орталықтарға барудың қатаң талаптарын сақтаумен шектеледі.

Егер сізде интернет және компьютерлік ресурстар бар болса, қашықтықтан оқыту режиміне орай үйде қалып, оқуды толықтай қашықтан оқуға кеңес береміз. Жатақханадан орындар шектеулі түрде тек әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы, сондай-ақ интернетке қол жеткізуі қиын алыс ауылдық жерлерден келген студенттерге ғана берілетін болады.

Күзгі семестрді ұйымдастыру және сіздің оқу бөлімшелеріңізбен электрондық байланыс жасау туралы толық ақпарат алу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік жүйелерімізге хабарласыңыз, сондай-ақ Microsoft Teams платформасында оқытушыларыңыздың электрондық мекен-жайлары бар.

Университет Сізге және Сіздің жақындарыңызға денсаулық пен еліміз үшін бұл қиын уақытта рухыңыздың жоғары болуын тілейді!

2020–2021 оқу жылының академиялық күнтізбесінің негізгі күндері:

  • Күзгі семестрдің кестесіне тіркелу – 27 шілде–2 тамыз 2020 ж.
  • Күзгі семестрдің кестесі – 15 тамыз 2020 ж.
  • Күзгі семестрдің басталуы – 24 тамыз 2020 ж.
  • Add ' ndrop апталығы – 24–31 тамыз 2020 ж.
  • Пәннен алу кезеңінің аяқталуы (Withdrawal) – 26 қыркүйек 2020 ж.
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту