Қызметкерлердің 30 наурыз бен 5 сәуір аралығындағы жұмыс тәртібі туралы Ректор хабарламасы
Құрметті қызметкерлер!
Мемлекеттік комиссия коронавирустық инфекцияның таралуын шектеу мақсатында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында биылғы 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын қоспағанда, меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысын уақытша тоқтату туралы шешімді бекітті.
Осыған байланысты Сәтбаев Университеті көрсетілген мерзім аралығында, яғни жағдайдың өзгергені жөнінде мәлімдеме алғанға дейін жабық болады.
Ал қашықтықтан және күндізгі оқу бөлімінің Алматы қаласында тұратын барлық студенттері карантин мерзімі толығымен аяқталғанша тек қана қашықтықтан-өз беттерінше оқу түрінде білім алады.
Сіздерге шын жүректен денсаулық және төзімділік тілеймін!
Игі тілекпен,
Сәтбаев Университетінің Ректоры
Искандер Бейсембетов