15 қазан 2021 2954

ЛТУ құрметті профессоры Вальдемар Войчик Сәтбаев Университетіне келді

ЛТУ құрметті профессоры Вальдемар Войчик Сәтбаев Университетіне келді

Люблин техникалық университетінің (Люблин қ., Польша) профессоры Вальдемар Войчик біздің университетте «Автоматтандыру және роботтандыру» мамандығы бойынша оқитын магистранттар мен докторанттарға арнап «Оптоэлектронды және электронды жүйелер мен оларды қолдану» тақырыбында дәрістер курсын оқыды. Жұмыс барысында профессор PhD докторанттарына зерттеу тақырыптары бойынша кеңес беріп, бірталай әңгіме айтты.

Осы іссапар аясында Сәтбаев Университеті мен Люблин техникалық университеті арасында магистратура бағдарламасы бойынша академиялық ұтқырлық туралы меморандум жасалды, бұл өз кезегінде біздің магистранттарға Польшада білім алуға мүмкіндік береді.

«Люблин политехникасы» (Politechnika Lubelska) техникалық университеті – Польшаның техникалық бағыттағы ең беделді мемлекеттік университеті, әлемдегі мемлекеттік университеттер арасында 1563-орын алады. Негізінен инженерлік мамандық бойынша өте жоғары деңгейде білім береді. Университет Польшаның ірі-ірі беделді компанияларының жұмыс берушілерін түлектермен және студенттермен байланыс жасауға белсенді түрде тартып отырады.

Университет кампусы Люблин қаласының орталығында орналасқан, университетке жақын жерде көптеген азық-түлік дүкендері, көлік желісі, 4 студенттік жатақхана, бірнеше клубтар мен спорт кешені бар; университеттің бір бөлігі тарихи ғимараттарда орналасқан. Университетте көптеген студенттік ұйымдар, дайвинг клубы, спорттық ату секциясы, кикбоксинг және яхта клубы бар.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту