Ақпарат:

21 сәуір 2020 8911

Магистранттар мен докторанттардың міндетті жұмыс өтеуі

Магистранттар мен докторанттардың міндетті жұмыс өтеуі

Құрметті магистратура мен докторантураны бітіруші түлектер!

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 17-тармағына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтар, мемлекеттік мекемелерде міндетті үш жылдық жұмыс өтеу негізінде, Satbayev University көп қойылатын сұрақтарға жауап береді.

«Жас мамандар мен PhD философия докторларының жұмысты өтеу міндеті» (сілтеме) ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Қаржы орталығы» АҚ ақпараты

Түлектерді жұмысқа бөлу қалай жүргізіледі және онымен кім айналысады?

Комиссия жас мамандар мен PhD философия докторларын дербес бөлуді жүргізіледі, әрі бұл жұмыс берушінің қолдаухаты негізінде және ғылыми ұйымдардың кадрларға қажеттілік туралы өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Түлектер жұмыс орнына қашан келуі керек?

Оқу бітірген жылы 1 қыркүйектен кешіпей.

Қандай жағдайларда және оқу бітірушілердің қандай санаттары жұмысты өтеуден босатылады?

1) Жұбайы тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өтеп жатқан елді мекенде бос жұмыс орны болмаған жағдайдағы адамдар;
2) I және II топтағы мүгедектер;
3) одан әрі оқуға магистратураға, резидентураға, докторантураға түскен адамдар (ақылы негізде, мемлекеттік тапсырыста оқу немесе шетелдік білім беру ұйымына түскен кезде);
4) жүкті әйелдер, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар, сондай-ақ оны (оларды) жалғыз тәрбиелеп отырған адамдар.
Осындай жағдайларға байланысты жұмыс өтуден босатылған жас мамандар дербес бөлуді жүзеге асыратын Комиссияға ақпарат беру керек.

Түлектерге жұмыспен өтеуді кейінге шегеруге болама және қанша уақытқа?

Жас маман мерзімді әскери қызметке қабылданған немесе шақырылған кезде жұмыс өтеуі кейінге шегеріледі, бірақ қызметті өткеру уақыты жұмысты өтеу мерзіміне есептелмейді.

Ауыл квотасы бойынша оқу бітірген түлек, қалада жұмыс өтеуіне құқы бар ма?

Жоқ, ауылдық квота бойынша оқу бітірген жас маман, ауылдық жерде орналасқан ұйымдарда жұмысты өтеуге міндетті.

Түлектер өз мамандығынан басқа мамандық бойынша мемлекеттік ұйымға (әкімдік, салық комитеті, ХҚКО, банк және т. б.) өз бетінше жұмысқа тұрған болса, бұл жұмысты өтеу ретінде есепке алына ма?

Жоқ, тиісті дайындыққа сәйкес келмейтін аталған ұйымдарда жұмыс істеу жұмысты өтеу есебіне саналмайды.

«Қаржы орталығы» АҚ білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы ретінде оқу бітірушілердің жұмыспен өтеу немесе жұмыс өтелмеген жағдайда бюджет қаражатының шығыстарын өтеу жөніндегі өз міндеттерін орындауына мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етеді және де жұмысты өтеуден бас тартылған жағдайда бюджет қаражатын мемлекетке қайтару, оның ішінде сот тәртібімен қайтару бойынша жұмыс жүргізіледі.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту