19 қараша 2018 7320

Махамбет Өтемісұлының шығармашылығына арналған кеш

Махамбет Өтемісұлының шығармашылығына арналған кеш

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «In principio erat verbum» («Әр нәрсенің қайнар бастауы – Сөз») клубының ұйымдастыруымен қазақ халқының азаттығы, теңдігі жолында ақ найзасымен, асқақ жырымен күрескен, сол жолда құрбан болған батыр, әрі азаткер ақын Махамбет Өтемісұлының шығармашылығына арналған кеш өтті. Университетіміздің студенттері қатысқан бұл шарада Махамбет Өтемісұлының жалынды жырлары, ақынның рухына арналған Олжас Сүлейменов, Мұхтар Шаханов сияқты қазақтың біртуар ақындарының арнау өлеңдері оқылып, қазақтың қасиетті аспабы қобыз бен домбырада тамаша композициялар орындалды. Жастар күрескер ақынның шығармашылығымен танысып қана қоймай, отансүйгіштік пен патриотизмге толы болған кештен ләззат алды. Кеш соңында қазақ және орыс тілі кафедрасының меңгерушісі А.Үдербаев Махамбет Өтемісұлының ХІХ ғ. қазақ поэзиясына қосқан үлесі туралы әңгімелеп берді. Клуб жетекшілері Н. Танкиева, А.Жұмашева кешті өткізуге атсалысқан белсенді студенттерге алғысын білдіріп, кафедрамызда жұмыс істейтін әдеби клубтарымызға келем деушілерге әрқашан да есік ашық екенін хабарлады.

Вечер, посвященный творчеству великого казахского поэта Махамбета

Вечер, посвященный творчеству великого казахского поэта Махамбета

Вечер, посвященный творчеству великого казахского поэта Махамбета

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту