Ақпарат:

27 сәуір 2017 10049

Малайзияның TNB Ұлттық энергетикалық компаниясы өкілдерімен кездесу

Малайзияның TNB Ұлттық энергетикалық компаниясы өкілдерімен кездесу

24 сәуір күні Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-да Жоғары оқу орнынан кейін білім беру жөніндегі басқарма директоры Ділда Сабитова Малайзияның TENAGA NASIONAL BERHAD (TNB) Ұлттық энергетикалық компаниясы өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында ҚазҰТЗУ мен Universiti Tenaga Nasional (UNITEN) арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас жанданып, студенттер мен магистранттар, докторанттармен алмасу дәстүрі қайтадан жалғасын таппақ.

Малайзияның алдыңғы қатарлы жеке меншік университеттерінің бірі болып табылатын UNITEN университеті 1976 жылы TENAGA NASIONAL BERHAD жетекшілігімен құрылған болатын.

 

TNB –  Малайзияның электр энергиясын жеткізуші ең ірі компанияларының бірі, нарықта 65 жыл бойы қызмет көрсетіп келеді. Штаб-пәтері – Куала-Лумпур қаласында. Компанияның негізгі базалық активі 110,7 млрд  малайзиялық ринггитті (1 $ = 4,3592 MYR) құрайды.

TNB компаниясының негізгі қызметі электр энергиясын өндіру мен оны өткізу саласының барлық жүйелерін қамтиды. Өзінің еншілес компаниялары арқылы TNB сондай-ақ электр энергиясын тасымалдау, жеткізу, трансформаторлар жасау, жоғары кернеулі электр сымдарын жасап шығару жұмыстарымен шұғылданып, ірі-ірі құрылыстарда электр техникалық жұмыстарын жүргізу, жөндеу және жоғары қуатты техникалық қызмет көрсету жұмыстарымен де айналысады. 

Өзінің жан-жақты негізгі және қосымша қызметтеріне қолдау көрсете отырып, TNB компаниясы жаңа технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін қарастыратын ғылыми-зерттеу жұмыстарын да дамытып келеді. Сонымен қатар TNB компаниясы соңғы жылдары Малайзиядағы электр энергиясы көздерін жаңарту саласында алдыңғы қатарлы үздік компаниялардың бірі аталып, экологиялық таза өнімді тұрақты түрде үнемдеп қолдануға шақырып келеді.  

Берекелі альянс: КазНИТУ - UNITEN

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту