Ақпарат:

11 ақпан 2020 3346

Маркетинг және коммуникациялар департаментіндегі бос орындарға түйіндеме қабылдау басталды

Маркетинг және коммуникациялар департаментіндегі бос орындарға түйіндеме қабылдау басталды

PR эксперт

Міндеттері:

  • Іс-шаралардың РR-стратегиясын немесе жоспарларын жасау және оны іске асыру;
  • Жарияланым үшін материалдар жинау;
  • БАҚ ортақтастығын қалыптастыру, беделді БАҚ-тармен жұмыс жасау;
  • Баспасөзбен жұмыс (БАҚ-тардан түскен сұранымдарға жауап беру, сұхбат жүргізу, баспасөз парақшаларын тарату, іс-шаралар барысында журналистермен кездесу);
  • Университеттен тыс жерлердегі іс-шараларға қатысуды ұйымдастыру және келіссөздер жүргізу;
  • Компанияның PR-белсенділігіне және бәсекелестердің қызметіне сараптама жасау;
  • Медиажоспар жасау;
  • Коммуникация саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру: университеттің беделіне және қоғаммен байланыс жұмыстарына қатысты кез келген мәселелерді шешу;
  • Университеттің беделіне нұқсан келтіретін дау-дамайларды оңтайлы жолдармен шешу;
  • Университет сайтына жарияланатын жаңалықтарды даярлау және жазу;
  • Жасалған жұмыстар жөнінде есеп беру;
  • Жоба аясында жасалатын полиграфиялық өнімдер жөнінде дизайнерлермен жұмыс жүргізу;
  • Міндеттерді толық орындау;
  • Жарияланымдарға мониторинг жүргізу.


Талаптар:

  • Менеджер жұмысына машықтанған болу керек (тапсырманы үйлестіре білу, үрдісті басқара білу);
  • Жоспарлай білу;
  • Бюджет құру қабілеті болу керек;
  • Адамдармен байланыс жасау қабілеті жоғары болу керек;
  • Word, Excel және Power Point бағдарламаларымен жұмыс жасай білуі керек;
  • Жауапкершілік, күйзеліске төтеп берушілік, мақсатқа ұмтылу қасиеті болумен қатар, жұмысбастылық кезінде талмай жұмыс істей білуі керек;
  • Берілген тапсырманы уақтылы орындай білуі қажет;
  • Бастамашыл, жұмысқа деген ынтасы түзу болу керек;
  • Өзінің ісін дұрыс ұйымдастыра білуі керек және жұмыстың басымдық жақтарын дұрыс ажырата білуі керек.


 

Маркетолог

Міндеттері:

  • Бюджет құру;
  • Медиажоспарлар мен медиаұсыныстарды даярлау;
  • Жарнамалық науқандарды жүргізу, бақылау және олардың нәтижесі жөнінде есеп беру;
  • Жарнамалық науқандардың тиімділігіне сараптама жасау және мониторинг жүргізу;
  • Университеттің барлық бөлімшелерімен өзара байланыс жасау;
  • Жобалар бойынша құжат айналымын жүргізу;
  • Таныстыру шараларын даярлап, оларды өткізу, жұрт алдында сөз сөйлеу;
  • Студенттермен жұмыс жасау, студенттік қауымдастықтарды құру;
  • Ивент жоспарлау, ұйымдастыру және оны өткізу;
  • Жоба жұмыстарын толық аяқтау.

Талаптары:

  • Маркетинг немесе менеджмент бойынша жоғары білімі болуы керек;
  • Ивент-менеджер немесе маркетолог ретінде қызмет атқарған еңбек өтілі кем дегенде 3 жыл болуы керек;
  • Microsoft Office бағдарламаларын білуі тиіс;
  • Цифрлық  маркетингтің негізгі базалық білімдерін меңгерген болуы керек;
  • Іскер адамға тән қарым-қатынас этикасын білуі тиіс;
  • Көпшіл, креативті, бастамашыл болып, жұрт алдында сөйлей білуі тиіс;
  • Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары болу керек;
  • Қажет кезде кешкісін немесе демалыс күндері жұмысқа шыға алатын мүмкіндігі болу керек.

 

Сәтбаев университетінің ерекшеліктері

  • Жұмыс орны қаланың нақ ортасында, тарихи маңызы бар жерде орналасқан, инфрақұрылымы жақсы дамыған;
  • Кәсіби біліктілігі жоғары, талантты және өте ұйымшыл әріптестер;
  • Университет базасында жоғары білім алуға, сондай-ақ магистратура/докторантура бітіріп алуға мүмкіндік бар;
  • Кәсіби мансабын көтеруге барлық мүмкіндіктер жасалған.

Шарттары:

  • ҚР Еңбек кодексі бойынша жұмысқа қабылданады, жылына бір рет өтемақысы бар еңбек демалысы және сауықтандыру төлемдері бар;
  • Айлық жалақы уақытында және тұрақты түрде төленеді;
  • Жұмыс уақыты: 5/2, 8.30-дан 17.30-ға дейін.

Талап етілетін еңбек тәжірибесі 3-6 жыл. Бос орынға үміткер өзі қалайтын айлық жалақыны көрсетуі тиіс, ал соңғы шешім бетпе-бет кездескенде келісіледі. Бос орынға өтініш беру үшін a.nikolayeva@satbayev.university электронды поштасына жіберіңіз.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту