Мас-рестлингтен Сәтбаев Университетінің кубогі
Сәуір айының 6 күні Сәтбаев Университетінде Мас-рестлингтен Сәтбаев Университетінің кубогі сарапқа салынды. Бұл жарысқа университетіміздің ең мықты спортшылары қатысты. Бұл спорт түрі спортшылардың күш жылдамдығы, ептілік, арнайы және жалпы шыдамдылық қабілеттерін арттырады. Сонымен қатар спортшылардың спорттық мінездерін қалыптастырады. Бірден бір негізгі факторлардың бірі – масрестлердің қимыл-қозғалыс әдіс-техникаларын дұрыс пайдалана білуінде. Осы айтылған әдіс-тәсілдердің бәрі дайындық кезінде шыңдалып жетілдіреді. Сол себепті жарысқа қатысқан спортшылардың барлығы мас-рестлинг спорт түрімен тұрақты айналысып жүрген споршылар. Мас-рестлинг біздің университетте үш жыл жұмыс жасап жатыр. Жаттығушы студенттер қазіргі таңда түрлі деңгейдегі жарыстарда Университет намысын қорғап жүр. Қазіргі кезде арамызда 2017 Әлем кубогінің жүлдегерлері және 2018 жылдың желтоқсан айында Якутскіде өткен әлем чемпионатының жүлдегерлері бар. Сәтбаев Университетінің кубогіне 8 командадан 72 қатысушы қатысты. Жарысқа қатысушылардың барлықтарына спорттық майкілер таратылып 3 жеңімпаз командалар медальдармен дипломдармен. 1 – орын “Көкжал” командасы, 2 – орын “Торнадо ” командасы, 3 – орын “Барыс” командасы. Aқшалай жүлделермен және негізгі жүлде – Сәтбаев Университетінің кубогімен марапатталды.