Ақпарат:

1 желтоқсан 2022 4150

Мемлекет басшысының ресми сапары аясында Сәтбаев Университетінің делегациясы Парижге барды

Мемлекет басшысының ресми сапары аясында Сәтбаев Университетінің делегациясы Парижге барды

Қараша айының соңғы күндері Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев пен Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Әлібек Шоқпаров Қазақстан мен Франция жоғары оқу орындарының 7-ші форумына қатысты. Форум Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға ресми сапары аясында өткен болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парижге сапары мен жоғары оқу орындарының 7-ші форумына қатысуы Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастың одан әрі дамуында ерекше оқиға болды.

Форум жұмысына 13 қазақстандық университет, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ, сондай-ақ Францияның 25-тен астам жоғары оқу орындары қатысты. Форум нәтижесінде Қазақстан Республикасы мен Франция жоғары оқу орындары, сондай-ақ  «Халықаралық бағдарламалар орталығы» мен француздық серіктес компаниялар арасында өзара түсіністік туралы 14 Меморандумға қол қойылды.

Форум барысында Мейрам Бегентаев сөз сөйлеп, Сәтбаев Университеті туралы айтып берді, сондай-ақ ашық білім кеңістігін құру және студенттеріміз бен ғалымдарымыз арасындағы ынтымақтастық кеңістік шекарасын кеңейту мәселесіне тоқталды.

– Ынтымақтастық қарым-қатынас үшін біз әрқашан да ашықпыз және тек өзіміздің университетіміздің ғана емес, Франция университеттерімен қызықты байланыс орнату үшін, Қазақстанның басқа да техникалық университеттерінің барлық мүмкіндіктерін ұсынуға дайынбыз, – деді ректор.

Сәтбаев Университетінің өкілдері қазақстандық жоғары оқу орындарының көрмесіне қатысып, Францияның үздік университеттерінің жетекшілерімен кездесті, олармен болашақтағы ынтымақтастық перспективалары туралы талқылады. Кездесуде Францияның техникалық университеттері мен инженерлік мектептерінің өкілдерімен келіссөздер жасауға басты назар аударылды.

Францияға келуден бір күн бұрын Мейрам Бегентаев ресми сапармен Хельсинкиде болды, ол жерде Оңтүстік Саво Esedu колледжіне барып, «Дуалды білім. Финляндия тәжірибесі» атты тағылымдамадан өтті. Тағылымдама дуальды оқыту және өндіріс орнында оқыту тәжірибесіне арналды. Филяндия білім беру жүйесінің жаңа әдістері мен әзірлемелері Сәтбаев Университетінде қолданылатын болады.

Франция – Қазақстанның стратегиялық серіктестерінің бірі, ол ірі инвесторлар бестігіне кіреді; Қазақстан экономикасына француздық серіктестердің салған инвестициясы 17 млрд долларды құрайды. Екі ел бірлесе отырып, тау-кен өнеркәсібі, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, энергетика, машина жасау және денсаулық сақтау салаларындағы жобаларды жүзеге асыруда. Қазақстанда 170-тен астам француздық компаниялар мен бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді.

Қазақстан мен Франция жоғары оқу орындарының 7-ші форумы екі ел арасындағы серіктестікті нығайтып, халықаралық білім беру үдерісін одан да жоғары деңгейге шығаруға тиімді қадам болды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі біздің барлығымыз үшін жаңа мүмкіндіктер ашқаны үшін Сәтбаев Университеті оған зор алғыс білдіреді!

Мемлекет басшысының ресми сапары аясында Сәтбаев Университетінің делегациясы Парижге барды Мемлекет басшысының ресми сапары аясында Сәтбаев Университетінің делегациясы Парижге барды

Мемлекет басшысының ресми сапары аясында Сәтбаев Университетінің делегациясы Парижге барды Мемлекет басшысының ресми сапары аясында Сәтбаев Университетінің делегациясы Парижге барды

Мемлекет басшысының ресми сапары аясында Сәтбаев Университетінің делегациясы Парижге барды Мемлекет басшысының ресми сапары аясында Сәтбаев Университетінің делегациясы Парижге барды

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту