2 сәуір 2019 4417

«Мен – келесі Сәтбаевпын!» атты байқауға жұмыстарды қабылдау басталды

«Мен – келесі Сәтбаевпын!» атты байқауға жұмыстарды қабылдау басталды

Әуесқой немесе кәсіби режиссер болмасаңыз да, өз шеберлігіңіздің көрсететін уақыт келді!

Ағылшын тілі кафедрасы «Мен – келесі Сәтбаевпын» атты бейнебаян байқауын жариялайды. Тақырыпқа сай түсірілген бейнеролик Instagram-ға жүктеліп, @eld_su ресми парақшасында белгіленуі қажет. Сондай-ақ сайысқа қатысушылардың бейнебаяндарын thenextsatbayev@gmail.com поштасына 2019 жылдың 15 сәуіріне дейін кешіктірмей жіберулерін сұраймыз.

Сайыс жеңімпаздары 19 сәуірде келесі критерийлер бойынша іріктеледі:

  • мазмұны (тақырыптың өзектілігі, логикалық дәйектілігі, ақпараттың құндылығы);
  • тілдік талаптар (грамматиканы дұрыс қолдану, сөздік қордың ауқымды пайдаланылуы, айтылым, интонация);
  • техникалық дәлдік (1 минуттық уақыт, жатық ауысу және монтаж, жоғары дыбыс және бейне сапасы, өлшемі 1920x1080 және арақатынасы 16:9);
  • креативтілік (бірегейлігі, визуалды тартымдылығы, әртістік қабілеті).

Бірінші, екінші және үшінші орын алған студенттер ақшалай сыйлықтармен марапатталады (1 – 50 000 тг., 2 – 30 000 тг., 3 – 20 000 тг.). Қызықтан құр қалмаңыз!

Сұрақтарыныз болса, төмендегі нөмірлерге хабарласыңыздар: Жале Насимова +7 778 279 49 21, Айжан Бекетай +7 707 251 81 80.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту