27 қазан 2023 1976

Мейрам Бегентаев Канада Елшісі Алану Хэмсонды Сәтбаев университетінің мүмкіндіктерімен таныстырды

Мейрам Бегентаев Канада Елшісі Алану Хэмсонды Сәтбаев университетінің мүмкіндіктерімен таныстырды

2023 жылғы 27 қазан күні Канаданың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алан Хэмсон Сәтбаев Университетіне келіп, университеттің топ-менеджментімен кездесті.

Кездесу барысында Елші мырза мен Политехтың ректоры Мейрам Бегентаев білім беру және технологиялар трансферті саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Университет өкілдері қызмет барысының негізгі бағыттары, институттар мен олардың зерттеулері туралы айтып берді, сондай-ақ ғарыш пен экология саласындағы мүмкіндіктер жайында пікір алмасты. Әңгіме барысында Тұрақты даму мақсаттары мен қоршаған ортаның ластануына үлкен көңіл бөлінді.

– Әдетте университеттер бір-бірімен бәсекеге түседі, – деді Мейрам Бегентаев өз сөзінде. – Алайда біздің миссиямыз мүлдем басқа. Біз озық тәжірибелерді жинақтаймыз, соның ішінде Тұрақты даму саласындағы тәжірибемізді басқа университеттерге беру үшін және бүкіл Қазақстан бойынша тарату үшін оны әрі қарай дамытамыз.

Тараптар алдағы ықтималды ынтымақтастық қарым-қатынасқа, сондай-ақ Канада азаматтарының Қазақстан білім беру саласындағы мүмкіндіктеріне қатысты өз көзқарастарын білдіріп, ұсыныстарын айтты. Алан Хэмсон әсіресе пайдалы қазбалар өндіру және гидрогеология салаларында ынтымақтастық қарым-қатынасқа қызығушылық танытты.

Кездесуге Condor Petroleum компаниясының басшысы Норман Сторм және «Кондор-Сәтбаев» бірлескен кәсіпорнының бас директоры Мұхтар Қонаев қатысты.

Сторм мырза литий барлау саласында бір жылдан бері жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып, литий аккумуляторлары, электромобильдер, ұялы телефондар шығару зертханалары сияқты жоғары технологиялық салалардағы бірлескен жобаларды талқылауға ықпал етті.

Әңгіме барысында Алан Хэмсон мырза Канада Орталық Азия елдерімен тығыз ынтымақтастық байланыста екенін, бірақ Қазақстан әрқашан басымдықта болатынын атап өтті.

Мейрам Бегентаев Канада Елшісі Алану Хэмсонды Сәтбаев университетінің мүмкіндіктерімен таныстырды

Мейрам Бегентаев Канада Елшісі Алану Хэмсонды Сәтбаев университетінің мүмкіндіктерімен таныстырды

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту