5 наурыз 2019 24527

Министр болу үшін, қайда оқу керек?

Министр болу үшін, қайда оқу керек?

Сәтбаев университеті 80 жылдан астам уақыт бойы еліміздің элиталы саяси және мәдени білім беру ошағы болып келеді. Бұған дәлел тек есімі дүние жүзіне белгілі жазушы Ілияс Есенберлин мен Эвересті еңсерген альпинист Қазбек Уәлиев қана емес. Олардың қатарында аты аңызға айналған «Политехтан» шыққан Асқар Жұмағалиев сынды талай-талай министрлер мен белгілі қоғам қайраткерлері де бар.

 

Аскар Жумагалиев – заместитель Премьер-министра – министр оборонной и аэрокосмической промышленностиАсқар Жұмағалиев – ҚР премьер-министрінің орынбасары, қорғаныс және аэрокосмостық өнеркәсіп министрі. Ол Сәтбаев университетін «Радиобайланыс, радиохабар және телевидение» мамандығы бойынша тәмамдаған. Премьер-министрдің орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейін уран өндіру бойынша әлемдегі ең ірі компания – «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның басқарма төрағасы қызметін атқарған.

 

Сабит Нурлыбай, вице-министр энергетикиСәбит Нұрлыбай энергетика министрі болып 2018 жылы тағайындалды. Сәтбаев университетін инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдарда Сыртқы экономикалық байланыс министрлігінде, Сауда және өнеркәсіп министрлігінде, Парламент істері басқармасында және әртүрлі коммерциялық кәсіпорындарда қызмет етті.

 

Бейбут Атамкулов, министр иностранных дел Республики Казахстан Бейбіт Атамқұлов Қазақстан сыртқы істер министрі болып 2018 жылы тағайындалды. Ол Сәтбаев университетінің металлургия факультетін бітірген. 2006 жылдан бастап дипломатиялық қызметте. Сыртқы істер министрі болып тағайындалғанға дейін қорғаныс және аэрокосмостық өнеркәсіп министрі лауазымын атқарды.

 

Бахыт Султанов, бывший министр финансовБақыт Сұлтанов – Қазақстан Республикасының бұрынғы қаржы министрі, 2018 жылы Астана қаласының әкімі болып тағайындалды. Сәтбаев университетін инженер-электрик мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдарда Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары, қаржы министрі болып қызмет атқарды. «Құрмет», «Парасат» ордендерінің кавалері, «Астанаға 10 жыл», «ҚР Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.

Сәтбаев университетінен алған жоғары тәлімді білім біздің түлектерге еліміздің және шетелдердің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында оқуларын одан әрі жалғастыруға мүмкіндік береді. Сәтбаев университетінің түлектері Стэнфорд, Кэмбридж, Мюнхен техникалық университеттерінде оқиды. Ол жақтан алған білімдері түлектерге жаңа жетістіктерге жетіп, үнемі биіктен көрінуге көмектеседі. Мәселен, Сәтбаев университетінің студенті Владислав Полонский 2018 жылы Тимур Рысбеков басқарған бағдарламашылар командасымен бірге «NASA Space Apps Challenge» байқауында жүлделі орынды жеңіп алды. Дәл сол жылы Сәтбаев университетінің түлектері Руслан Нұрлыбаев пен Айдос Жолдасов құрылысқа арналған вакуумды жылу сақтағыш панельдерді өндіру жөніндегі тамаша стартапты іске қосты.

Студенттер университет қабырғасында оқып жүріп-ақ алғашқы стартаптарын іске қоса алады, ол үшін Сәтбаев университетінде барлық жағдайлар жасалған. Студенттер FabLab өндірістік зертханасында жұмыс істейді, мұнда әртүрлі ғажайып детальдарды жасау үшін тамаша құрал-жабдықтар орнатылған. Ал Орталық Азияда бірінші болып Сәтбаев университетінде орнатылған жоғары қуатты суперкомпьютер өте күрделі есептерді шығаруға көмек беріп, жасанды интеллект жөніндегі жобаларды жасап, іске қосуға, әрі кең көлемді мәліметтерді өңдеуге мүмкіндік береді.

Сәтбаев университеті сонымен қатар талантты жастарға өз дарындарын дамытуға, сөйтіп аз ғана уақыт ішінде тамаша жетістіктерге жетуге де жол ашады. Ең бастысы – алға мақсат қойып, тек соған қарай ұмтылу! Сол кезде сіз де: менің өмірдегі ең сәтті кезеңдерім дәл осы жерде, еліміздегі алдыңғы қатарлы тамаша техникалық жоғары орнында басталды деп мақтана айта аласыз!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту