12 қыркүйек 2022 3639

Министр Саясат Нұрбек жатақхана мәселесі жөніндегі «Жедел штабтың» жұмысымен танысты

Министр Саясат Нұрбек жатақхана мәселесі жөніндегі «Жедел штабтың» жұмысымен танысты

12 қыркүйек күні Алматы қаласына ресми іссапармен келген ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Сәтбаев Университетінде қалалық бірінші курс студенттерінің жатақхана мәселесі жөнінде ашылған «Жедел штабтың» жұмысымен танысты, әрі студенттермен және олардың ата-аналарымен кездесу өткізіп,  көптеген сұрақтарына жауап берді.

Саясат Нурбек посетил Оперативный Штаб по вопросам общежитий

«Жедел штаб» – бұл ең алдымен тұрмыс жағдайы төмен отбасынан шыққан студенттерге, сондай-ақ басқа қалалардан келген студенттерге көмектесу мақсатында ашылған бастамашыл ұйым. Штаб Алматы қаласының жоғары оқу орындарында оқитын барлық студенттерді жатақханаға орналастыру жұмысын үйлестіреді. Студент өтініш бергеннен кейін, штаб өкілдері ол оқитын университетке хабарласып, жатақханадан орын беруін талап етеді. Штаб жұмыс істеген үш күннің ішінде 88 қоңырау тіркеліп, 1-курстың 13 студенті жатақханаға орналастырылды.

Саясат Нурбек посетил Оперативный Штаб по вопросам общежитий

Бүгінгі таңда студенттердің жатақхана мәселесіне барша жұртшылық назар аударып отыр. Қазақстанда қазір 87 343 студент жатақханада тұрады. Алматы қаласының 1-курс студенттеріне орын берілгенімен, барлық мұқтаж жандарды жатақханамен қамтамасыз ету үшін, әлі де көп орын қажет. Осы мәселені шешу мақсатында Алматыда жыл соңына дейін 5 жатақхана пайдалануға берілмек. Қазір 500 орындық екі жатақханада құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ 700 орындық тағы 3 жатақханада күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Егер де Сіз Алматы секілді үлкен қалада жатар орын таппай, қиын жағдайда болсаңыз, «Жедел штабқа» келіңіз! Біздің есігіміз тәулік бойы ашық!

Байланыс телефоны: +7 778 655 6083.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту