Ақпарат:

10 ақпан 2021 4646

Мұнай-газ индустриясы үздік профессорлар мен оқытушыларды озық жетістіктері үшін бағалады

Мұнай-газ индустриясы үздік профессорлар мен оқытушыларды озық жетістіктері үшін бағалады

Мұнай инженериясы кафедрасының Өндірістік консультативтік кеңесінің құрамындағы «Теңізшевройл», Baker Hughes, Eni, ILF Consulting Engineers, және Shell мұнай-газ компанияларының кәсіпқой мамандары кіретін марапаттау комиссиясы үш номинация бойынша кафедраның үздік қызметкерлерін таңдап алды: ғылыми-зерттеу, оқыту және эдвайзерлік жұмыстары үшін. Бұл байқау Дүниежүзілік экономикалық форумның мұнай-газ саласы үшін адам капиталын дамыту бойынша пилоттық жобасы аясында өткізіліп жатқанын және оның демеушісі - Chevron, Eni, Shell компаниялары екенін атап өткіміз келеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 6000 АҚШ долларын құрады.

Комиссия үміткерлер ұсынған құжаттарды, сондай-ақ студенттер мен әріптестер арасындағы анонимді сауалнамаларды қарастырып, келесі салалардағы жетістіктері үшін алғашқы марапаттарды беруге шешім қабылдады:

  • Ғылыми - зерттеу - Исмаилова Джамилям Абдулахатқызы (2000 АҚШ доллары), кафедра ассистент-профессоры,
  • Оқыту - Деликешева Динара Насипуловна және Нүсіпқожаев Айбол Ізтілеуұлы (әрқайсысына 1250 АҚШ доллары), кафедра лекторлары,
  • Эдвайзерлік жұмыс - Дайров Жасұлан Қайратұлы (1500 АҚШ доллары), кафедра лекторы.

Комиссия төрағасы, «Теңізшевройл» мұнай өндіру департаментінің жетекшісі, атағын алған Руслан Тұржанұлы Қуатов, барлық үміткерлердің жоғары біліктілігін атап өтті және болашақта мұндай марапаттар университет қызметкерлерінің кәсіби дамуына түрткі болады деп үміттенді.

Награда комиссии по наградам в составе Индустриально-Консультативного Совета кафедры Нефтяная ИнженерияНаграда комиссии по наградам в составе Индустриально-Консультативного Совета кафедры Нефтяная Инженерия

Награда комиссии по наградам в составе Индустриально-Консультативного Совета кафедры Нефтяная ИнженерияНаграда комиссии по наградам в составе Индустриально-Консультативного Совета кафедры Нефтяная Инженерия

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту