18 сәуір 2019 6117

Мұнай саласындағы жетекші компаниялар өкілдері Сәтбаев университетінің түлектерімен кездесті

Мұнай саласындағы жетекші компаниялар өкілдері  Сәтбаев университетінің түлектерімен кездесті

Shell, Eni, Chevron, Schlumberger компаниялары, TCO, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және Колорадо тау-кен мектебінің (АҚШ) топ-менеджерлері Сәтбаев университеті базасында құрылған индустриалды-консультативтік кеңестің отырысына қатысты. Аталмыш іс-шараны «Мұнай инженериясы» кафедрасы Адам капиталын дамыту жөніндегі дүниежүзілік экономикалық форумның сынамалы бағдарламасы аясында ұйымдастырған болатын.

Кафедра меңгерушісі Мұрат Сыздықовтың айтуынша, бұл отырыс студенттерге білім беру жұмысын жақсарту мақсатында өткізіліп отыр.

– Бұл іс-шараға қатысушылар – біздің «тұтынушыларымыз» болып саналады. Біз өз жұмысымызды қай бағытқа қарай жақсартуымыз керек екені, жұмыс берушілер біздің түлектер алдына қандай талаптар қойғысы келетіні туралы осы отырыстың нәтижесінде белгілі болады, – деп өз ойын білдірді «Мұнай инженериясы» кафедрасының меңгерушісі.

Сонымен қатар Мұрат Сыздықов мұнай саласындағы жетекші компаниялармен өзара жиі байланыс жасап тұру үшін, дәл осындай кездесулер өте қажет екенін де атап өтті. Оның ойынша, мұндай іс-шаралар отандық экономиканың дамуына тікелей септігін тигізеді.

Отырысқа қатысушылар кездесу барысында жасалған жұмыстардың нәтижесі туралы университет ректоры Е. Бейсембетовпен бөліседі.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту