«Мұрагер» клубының жаңалықтары
Базалық білім беру институтының Қоғамдық пәндер кафедрасы (Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы секциясы бойынша) 31 наурыз күні өздерінің «Мұрагер» атты клубында « 1937-1938 жылдары КСРО және Қазақстанда болған жаппай саяси қуғын-сүргінге 80 жыл » тақырыбында «дөңгелек үстелде» кеңес өткізді.
«Дөңгелек үстел» жұмысына университеттің 1-курс студенттері, кафедра оқытушылары, сонымен қатар атақты маман және осы тақырыптың зерттеу-шісі академик, тарих ғылымдарының докторы, профессор Тілеу Күлбаев қатысты.
Кездесудің, презентацияның, фильмнің, өткізілімнің және талқылаудың модераторы болған профессор Камиля Чатыбекова және профессор Галия Сармурзина.