Ақпарат:

19 маусым 2025 174

Нәтиже еселенді: QS World University Ranking 2026 рейтингі бойынша Сәтбаев университеті әлемнің ТОП 300+ үздік университеттері қатарына кірді

Нәтиже еселенді: QS World University Ranking 2026 рейтингі бойынша Сәтбаев университеті әлемнің ТОП 300+ үздік университеттері қатарына кірді

QS WUR 2026 рейтингі жариялаған көрсеткіштерге сәйкес, Сәтбаев университеті әлемдегі 1500 университет арасында 331-орынды абыройлы түрде иеленіп, үздік университеттер рейтингінде керемет серпіліс танытты.

Рейтинг бойынша көтерілуімен қатар Сәтбаев университеті академиялық беделін (+15), халықаралық зерттеу желісін (+73), интернационалдандыруды (+248) нығайтты – бұған университет халықаралық студенттер мен оқытушылар санының артуы және университеттің тұрақтылық көрсеткішінің арқасында қол жеткізіп отыр.

Сондай-ақ университет өзінің ғылыми өнімділікке деген ұстанымдарын да жақсартты. Жарияланымдар саны 38%-ға, ал дәйексөздер келтіру деңгейі 40%-ға артып отыр.

Еске салайық, 2024 жылғы QS рейтингінде Сәтбаев университеті 481-орынға ие болған еді, одан кейін 2025 жылғы рейтингте 76-орынға және 2026 жылғы рейтингте тағы 74-орынға шығып, соңғы 2 жылда 150 позицияға көтерілгенін көрсетті.

QS World University Rankings рейтингі – әлемдегі ең беделді және ықпалды үш университет рейтингінің бірі болып табылады, олардың қатарында Times Higher Education World University Rankings және Academic Ranking of World Universities бар. Рейтингті британдық Quacquarelli Symonds (QS) компаниясы құрастырады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту