1 наурыз 2021 1981

Наурыз айының соңында Сәтбаев университеті мектеп оқушыларына арналған информатикадан олимпиада өткізеді

Наурыз айының соңында Сәтбаев университеті мектеп оқушыларына арналған информатикадан олимпиада өткізеді

Сәтбаев Университеті Кибернетика және ақпараттық технологиялар институты «Программалық инженерия» кафедрасы және «Математика және кибернетиканың ғылыми білім беру орталығы» 2021 жылы 30 наурызда Алматы қаласының мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында бағдарламалау мен математикадан олимпиада өткізеді.

«Ақпараттық технологиялар – болашаққа жолдама - 2021» олимпиадасына қатысуға 9-11 сынып оқушылары шақырылады. Информатикадан олимпиадаға қызығушылық болашақ мамандыққа алғашқы қадамдардың бірі. Жарыс жеңімпаздарына Университет ректоры атынан шәкіртақылар тағайындалады.

Олимпиада үш номинация бойынша өтіледі:

  • Гран-при «Ақпараттық технологиялар – болашаққа жолдама - 2021». Ректор шәкіртақысы 100000 тг;
  • Номинация «Ақпараттық технологиялар – болашаққа жолдама - 2021». Ректор шәкіртақысы 75000 тг;
  • Номинация «Ақпараттық технологиялар – болашаққа жолдама - 2021». Ректор шәкіртақысы 50000 тг.

Ректор шәкіртақысы 1 жыл оқу көлемінде үлгерім көрсеткіші 2.66 және одан жоғары  болса төленеді.

Олимпиадаға қатысу үшін тіркелу кажет 2021 ж. 27 наурыз, 17.00 дейін. 

Олимпиада өтетін орын: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі 22а, Сәтбаев университеті. Олимпиадаға қатысушылар өздерімен бірге суреті бар жеке куәліктерін алып жүруі тиіс.

Олимпиада нәтижесі туралы ақпарат 1 сәуірде жарияланады. Барлық сұрақтарыңызды осы электронды мекен-жайға жіберсеңіз болады se.kafedra@gmail.com.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту