Ақпарат:

1 сәуір 2026 117
15 12 11 4

«Наурыз балалар көзімен» сурет байқауы өтті

«Наурыз балалар көзімен» сурет байқауы өтті

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай Автоматика және ақпараттық технологиялар институты мен Білім беруді цифрлық трансформациялау орталығының ұйымдастыруымен институт қызметкерлерінің балалары мен немерелері арасында «Наурыз балалар көзімен» атты сурет байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты – балаларды Наурыз мерекесінің ұлттық дәстүрлерімен шығармашылық арқылы таныстыру, қиялын дамыту және табиғатқа қамқорлық жасау, тұрақты даму қағидаларын қалыптастыру.

Іс-шара аясында арнайы шақырылған кәсіби суретші мастер-класс өткізіп, балаларға сурет салудың қыр-сырын үйретті және шығармашылық шабыт сыйлады. Сонымен қатар, Қазақ және орыс тілдері кафедрасының оқытушысы балалар үшін танымдық әрі қызықты бөлім ұйымдастырып, Наурыз мерекесіне қатысты қызықты мәліметтер айтып, мақал-мәтелдер бойынша сұрақ-жауап жүргізді. Бұл бөлім балалардың белсенділігін арттырып, мерекелік көңіл-күйді одан әрі жандандырды.

Жас қатысушылар өз жұмыстарында көктемнің келуі, ұлттық салт-дәстүрлер, табиғаттың жаңаруы мен қоршаған ортамен үйлесімділікті бейнеледі. Байқау тұрақты даму мақсаттарымен (SDG) тығыз байланысты болды:
– сапалы білім беру және шығармашылық арқылы оқыту (SDG 4);
– табиғатты қорғау және оған қамқорлық жасау (SDG 13, 15);
– саналы тұтыну мен жауапты мінез-құлық (SDG 12);
– адам мен қоршаған ортаның үйлесімді дамуы (SDG 11).

Іс-шара соңында барлық қатысушыларға институт атынан сыйлықтар мен сертификаттар табысталды, жеңімпаздар марапатталды.

Бұл байқау балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі болды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту