20 наурыз 2020 4584

Наурыз құтты болсын!

Наурыз құтты болсын!
Сәтбаев университетінің Ректоры Искандер Бейсембетов

Қымбатты студенттер! Құрметті әріптестер!

Сіздерді көктемгі жаңару мерекесімен құттықтаймын! Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі – ежелден көктем мерекесі, жаңару мен жылулық мерекесі болып саналады. Бұл күні қыс бітіп, көктем басталады. 

Биылғы Наурыз мейрамы елдегі қиыншылық жағдайға тура келіп тұр. Осы қиын-қыстау заманда халықтың тұтастығы, бірлігі одан сайын артып, өмірдің сан түрлі соққысына бір адамдай төтеп беруге көмектесетіні тарихтан белгілі жайт. Сондықтан да бұл сынды абыроймен жеңіп шығу үшін, біз әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керек. Сол үшін биылғы Наурыз мерекесі бізге жаңа күш пен мықты төзімділік әкелсін!

Сәтбаев Университетінің атынан Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, жаңа табыс, әр үйге молшылық пен береке-бірлік тілеймін!     

Наурыз мерекесі құтты болсын!

Игі тілекпен,
Сәтбаев университетінің Ректоры
Искандер Бейсембетов

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту