Ақпарат:

9 қыркүйек 2025 902

NAWA гранты Сәтбаев университетінің студенттері мен профессорына еуропалық ғылыми қауымдастыққа есік ашты

NAWA гранты Сәтбаев университетінің студенттері мен профессорына еуропалық ғылыми қауымдастыққа есік ашты

Бұл мүмкіндікке Польшаның ұлттық академиялық алмасу агенттігі (NAWA) грантының арқасында қол жетті. Атап айтқанда, ТКМИ-ның «Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту» кафедрасының профессоры Татьяна Чепуштанова осы грантқа ие болды. Бұл жетістік Белосток технология университетінің (Польша) Механикалық инженерия факультеті мен оның профессоры Малгожата Градска-Далькенің қолдауымен жүзеге асты.

Осы грант аясында профессор Т.А. Чепуштанова өзінің ғылыми тобымен бірге Белосток технология университетінде академиялық тағылымдамадан өтті. Ғылыми топ құрамында профессордан бөлек, «Металлургия» мамандығы бойынша білім алып жүрген студенттер: докторанттар Алия Алтмышбаева мен Арайлым Мұқанғалиева, магистранттар Дариға Төлен және Айым Алтаева болды.

Сапар бағдарламасы жоғары тиімді қорытпалар мен материалдарды индукциялық балқыту әдісімен алу бойынша заманауи зертханалармен және қондырғылармен танысуды, сондай-ақ өнеркәсіптік роботтарды бағдарламалауға арналған аралас шынайылық бағдарламасымен жұмыс істеуді үйрену жолдарын қамтыды. Студенттер еуропалық әріптестерінің тәжірибесін меңгеріп, нақты халықаралық ғылыми жобаларға қатысуға мүмкіндік алды.

Болашақ ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыру мақсатында профессор Татьяна Чепуштанова поляк әріптестеріне ұнтақты металлургия мен «үштік қайта балқыту» әдісі арқылы қорытпалар алу саласындағы зерттеулер нәтижесімен таныстырды. Сәтбаев университетінің студенттері де өз ғылыми жұмыстары туралы баяндап берді. Алдағы жоспарда – Еуропалық одақтың ауқымды бастамалары мен Horizon Europe байқауларына қатысу және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу бар.

Польшаның ұлттық академиялық алмасу агенттігінің (NAWA) «PROM – Академиялық алмасу» бағдарламасы бойынша берілген грант тек Сәтбаев университеті үшін ғана емес, сонымен қатар халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту үшін де өте маңызды. Бұл грант қазақстандық ғылымның жоғары деңгейде екенін растап, зерттеушілеріміздің еуропалық академиялық кеңістікпен табысты түрде біріге бастағанын көрсетеді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту