Ақпарат:

15 наурыз 2019 3065

NSE501 «Verbal and Mathematics review for GRE and GMAT» пәніне тіркеу мерзімі 18 наурызға дейін ұзартылды

Сіздерге магистратура бағдарламасына түсудің жаңа типтік ережелеріне сәйкес GMAT және GRE халықаралық емтихандары сертификаттарының иегерлері ұлттық түсу емтихандарынан босатылатынын және оларға ең шектік 150 балл қойылатынын (мамандық бойынша 100 балл және ағылшын тілі бойынша 50 балл) хабарлаймыз.

Осыған байланысты Satbayev University-де көктемгі семестрде Қазақстанда немесе шетелде магистратура бағдарламасына түсуді жоспарлаған 3–4-курс студенттері үшін  жаңа NSE501 «Verbal and Mathematics review for GRE and GMAT» курсы ашылды. Осы жылдың қаңтар айынан бастап оқуды бастаған топ құрылды. Курсты оқып білгені туралы ақпарат студенттердің транскриптіне енгізіледі.

Осы курсты оқуға ниет білдірген студенттердің жаңа сұраныстарына байланысты қазіргі таңда қосымша модульдік курсқа  жазылу басталды.

Модульдік курсқа жазылу 2019 жылдың 18 наурыз айына дейін тіркеу кеңсесінде жүзеге асырылады (10-терезе).

Модульдің өту мерзімі 2019 жылдың 18 наурыз – 30 сәуір аралығы.

Курс көлемі 3 кредит (45 сағат) – дүйсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері 2 сағаттан аптасына аптасына 6 сағат. Оқу кестесі кейінірек анықталады.

Курстың оқу бағасы 19 800 теңге х 3 кредит = 59 400 тенге.

Осы курс барысында халықаралық емтихандарды тапсыруға дайындық жүргізіледі. Емтиханның өзі мамандандырылған орталықтарда тапсырылады, құны шамамен $150.

Барлық сұрақтар бойынша АжТТИ дирекциясына хабарласуға болады: БОҒ, 513-каб., тел. 257-70-44.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту