23 қаңтар 2023 3774

Нұрбек Сапарходжаев Сәтбаев Университетіне келді

Нұрбек Сапарходжаев Сәтбаев Университетіне келді

20 қаңтар күні Сәтбаев Университеті Директорлар кеңесінің мүшесі, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру комитеті төрағасының орынбасары Нұрбек Сапарходжаев жұмыс сапарымен университетке келіп, Алматы қаласында өткен форсайтқа Сәтбаев Университетінің командасымен бірге қатысты.

Университет ректоры Мейрам Бегентаев пен Корпоративтік даму және стратегиялық жоспарлау жөніндегі проректор Ержан Көлдеев қонақты университеттің өткен жылғы даму стратегиясы және жетістіктерімен таныстырды.

Сапар барысында Нұрбек Сапарходжаев әртүрлі зертханаларды аралап, университеттің жаңартылған инфрақұрылымымен танысты, техникалық білім беру жүйесінің болашағын қалыптастыруда институттардың және тұтас Сәтбаев Университетінің атқаратын рөлі туралы талқылады. Дегенмен, оның қосқан ең үлкен үлесі – стратегиялық форсайтқа қатысып, университеттің дамуы туралы идеяларымен бөлісуі болды.

Нұрбек Пажарбекұлы – Сәтбаев Университетінің түлегі, ол Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде елдегі тұңғыш техникалық университеттің дамуына көп еңбек сіңіріп жүрген азамат. Оның инновациялар мен экономикалық дамуды ынталандыру саласындағы идеялары және практикалық тәжірибесі Satbayev University қызметкерлері үшін өте пайдалы, бұл өз кезегінде еліміздің техникалық білім беру саласы инновациялар мен озық жетістіктердің алдыңғы қатарында болуына үлкен әсер етеді.

Нурбек Сапарходжаев посетил Satbayev University

Нурбек Сапарходжаев посетил Satbayev University

Нурбек Сапарходжаев посетил Satbayev University

Нурбек Сапарходжаев посетил Satbayev University

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту