Нұрсұлтан Назарбаев: қазақстандық ғылым кеңестік таптаурын қалыптан арыла алмай келеді
ҚР Ұлттық ғылым академиясының 70 жылдық мерейтойына арналған жалпы жиын сессиясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық ғылымның кейбір мәселелеріне тоқталып өтті.
Елбасы ойынша, біздің кеңес кезінде жинаған тәжірибеміздің салдарынан: «Тәжірибелі конструкторлардың әзірлеген зерттемелері барлық ғылыми жұмыстардың төрттен бір бөлігінен де кем. Қазақстандық ғалымдар өз өнертабыстарын, ғылыми жаңалықтарын патенттеуде, алайда ол патенттердің көпшілігіне сұраныс жоқ. Ғылымды негізінен мемлекет қаржыландыратыны белгілі. Ал ол жаңалықтарға нақты сектордан тапсырыс түспейді. Оның үстіне қазіргі ғылыми жұмыстардың бір-біріне ұқсастығы жиі кездеседі, яғни плагиат басым. Сондықтан да отандық ғылымды дамыту жолдарын түбегейлі өзгертетін кез жетті».