Ақпарат:

15 маусым 2018 60421

Оқуға түсу тәртібі

Оқуға түсу тәртібі

Магистратураға бакалавриатты бітірген немесе таңдаған мамандығы немесе соған ұқсас мамандық бойынша арнайы жоғары білімі бар талапкерлер қабылданады. Сонымен қатар магистратураға оқуға түсу үшін ағылшын тілінен емтихан тапсыру керек, егер бар болса, TOEFL (шектік балл – 560 баллдан жоғары) немесе IELTS (шектік балл – 6.0 баллдан жоғары) бағдарламалары бойынша тапсырған тест нәтижелерінің сертификаттарын өткізуі керек.

Магистратурада оқу мерзімі: бейінді бағдарлама бойынша – 1,5 жыл, академиялық бағдарлама бойынша – 2 жыл.

2018 жылы магистратураға оқуға қабылдау мерзімі:

Магистратураға оқуға түсу үшін өтініш қабылдау – шілденің 1-нен 31-не дейін; түсу емтихандары – тамыздың 10-нан 20-на дейін; тіркеу – 28 тамызға дейін.

Магистратураға оқуға түсу үшін құжат тапсырар алдында төмендегі шарттарды орындау керек:

1. kb.kaznitu.kz сайтына он-лайн режимде тіркелу керек;

2. Университетке төмендегі құжаттарды тапсыру керек.

Магистратураға оқуға түсетіндер үшін:

  1. Ректордың атына жазылған өтініш;
  2. Қағазға басылған анкета (сіз тіркелгеннен кейін ол сіздің электрондық поштаңызға келеді);
  3. Жоғары оқу орнын бітіргені туралы құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі;
  4. IELTS және TOEFL бағдарламалары бойынша тапсырған тест нәтижелері сертификатының түпнұсқасы мен көшірмесі (егер бар болса);
  5. Еңбек қызметін дәлелдейтін жеке құжатының түпнұсқасы мен көшірмесі нотариатпен немесе кадр бөлімімен дәлелденген болсын (бұл еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
  6. 3x4 см көлемдегі алты фотосурет;
  7. 086-У формалы медициналық анықтама;
  8. Жеке куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі;
  9. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектерінің тізімі және басқа да алған сертификаттары мен дипломдарының, мақтау қағаздарының көшірмесі (егер бар болса);
  10. Тест тапсыру үшін төленген ақының түбіртегі (квитанция).

Егер де сіз орта немесе жоғары білімді шетелден алған болсаңыз, онда міндетті түрде білім туралы құжатты мойындату (нострификация) рәсімінен өтуіңіз керек. Ол үшін білім алғаны туралы барлық құжаттарыңызды жиып-теріп, жергілікті Тұрғындарға қызмет көрсету орталығына (ЦОН) барыңыз. Бұл қызмет сізге ақылы түрде көрсетіледі.

Құжаттар Сәтбаев университетінің бейінді мамандықтары бар институттарына қабылданады. Барлық құжаттар жеке-жеке файлда болып, бір папкаға тіркелген болуы керек, титулды бетке: талапкердің аты-жөні, фамилиясы толық жазылады; магистратураның білім беру бағдарламасының атауы мен шифры; талапкердің тұрғылықты мекен-жайы; қаласының коды; ұялы телефоны; электрондық поштасы; оқуға түскен жылы толық жазылады.

Магистратураға оқуға түсу үшін тапсырылатын емтихандар:

Магистратураға оқуға түскісі келген талапкерлер өз мамандықтары бойынша және ағылшын тілінен емтихан тапсырады. Магистратураға ақылы түрде оқуға түсетін шетелдік азаматтар мамандықтары бойынша және қай тілде оқитын болады, сол тілден (қазақ, орыс) емтихан тапсырады.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша тегін оқуға түсу емтихандарынан 100-баллдық шкала бойынша 150-ден жоғары балл жинаған, оның ішінде шет тілінен 50-ден жоғары балл жинаған талапкерлер тіркеледі. Ағылшын тілінен тест тапсырғаны жөніндегі сертификаты бар тұлғаларға 100-баллдық шкала бойынша ең жоғары балл есептеледі.

Емтиханнан қанағаттанғысыз баға алған немесе емтиханға мүлде қатыспаған талапкерлер әрі қарай емтихандарға жіберілмейді және тіркелмейді. Оқуға түсу емтихандарын қайта тапсыруға тыйым салынады.  

Егер де талапкерлер емтихан көрсеткіштерінен бірдей балл жинайтын болса, онда мамандық бойынша тапсырған емтихан бағасы қайсыныкі жоғары, оқуға сол талапкер қабылданады. Ал егер мамандықтары бойынша да емтиханнан бірдей балл жинаған болса, онда шет тілінен тапсырған емтихан бағасы қайсыныкі жоғары, оқуға сол талапкер қабылданады. Одан кейін мамандық бойынша қол жеткізген ғылыми жетістіктері есепке алынады: ғылыми жарияланымдары, оның ішінде алдыңғы қатарлы ғылыми басылымдарда; ғылыми зерттеулері туралы алған сертификаттары; ғылыми шәкіртақыға, грантқа ие болғаны жөніндегі сертификаты; ғылыми конференциялар мен байқауларға қатысқаны жөніндегі диплом немесе мақтау қағазы.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту