22 мамыр 2020 4938

Ораза айт мерекесі құтты болсын!

Ораза айт мерекесі құтты болсын!
Rector Satbayev University Iskander Beysembetov

Құрметті әріптестер! Қымбатты докторанттар, магистранттар, студенттер!

Сіздерді діни мейрам – Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! 

Қасиетті Рамазан айы рухани түрде жаңаруға көмектесіп, адамдарға өмірдің мәні туралы қайта ойлануға септігін тигізеді. Осы уақыттың рухани жетістіктерін қорытындылай келе, біз мейірімділік пен қайырымдылықтың, тұрақтылық пен келісім идеяларын жыл бойына жүрегімізде сақтауға тырысамыз. Бұл жоғары құндылықтар тек мұсылмандарды ғана емес, Қазақстанның барлық халықтарын біріктіреді.

Діншілдер тұтас бір ғимараттың бөліктеріне ұқсап, бір-бірін демеп, өзара қолдау көрсетеді демекші, біздің университет те өзінің игі дәстүрлерімен және бір-бірін өзара қолдайтын істерімен мақтанады. Осы игі дәстүрлер Сіздерге пайдасын тигізіп, еліміздің гүлденуі жолында үлкен істер тындыруға шабыт берсін!

Сіздерге аманшылық, татулық,  отбасыларыңызға зор денсаулық пен береке-бірлік тілеймін! Мереке құтты болсын! 

Ізгі ниетпен,
Сәтбаев университетінің Ректоры 
Искандер Бейсембетов

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту