«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңінің қорытындысы

2025 жылдың 25 сәуірінде Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде «Химиялық және биохимиялық инженерия» кафедрасы базасында «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңі сәтті өтті (ГОП «В060 – Химиялық инженерия және процестер» аясында).
Олимпиадаға Қазақстанның 7 жоғары оқу орнынан 8 команда (барлығы 27 студент) қатысты. Қатысушылар — 3–4 курс студенттері, жоғары оқу орындарының ішкі іріктеу кезеңінен өткендер.
Олимпиада екі тілде — қазақ және орыс тілдерінде — офлайн форматта өтті және екі турдан тұрды:
- Бірінші тур — студенттердің теориялық дайындығын бағалауға арналған жазбаша тапсырмалар.
- Екінші тур — пікірсайыс, ғылыми аргументация және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған.
Конкурс тапсырмалары заманауи өзекті тақырыптарды қамтыды: нанотехнология, биоыдырайтын полимерлер, ауыр мұнай қалдықтарын қайта өңдеу және басқалар.
Екі турдың қорытындысы бойынша:
- Жеке есепте – ең жоғары нәтиже көрсеткен студенттер жеңімпаз атанды.
- Командалық есепте – екі турдың жалпы ұпай саны бойынша үздік командалар анықталды.
Ұйымдастыру комитеті барлық қатысушыларға, ғылыми жетекшілерге және ұйымдастырушыларға алғысын білдіреді! Жеңімпаздарды құттықтаймыз және баршаңызға шығармашылық табыс тілейміз!