Отан қорғаушылар күні құтты болсын!
Құрметті әріптестер, студенттер! Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Студенттерді әскери дайындықтан өткізу дәстүрі біздің университетте сонау 1940 жылы басталған болатын, яғни сол жылы әскери кафедраның іргесі қаланып, Қазақстан жастары да Ұлы Жеңіске өздерінің зор үлестерін қосты.
Әскери кафедраны ең алғаш рет майор А.С. Дубиль басқарды, кейіннен ол Ұлы Отан соғысына қатысып, ұрыс алаңында қаза тапты. Онымен бірге 200-ден астам студенттер мен оқытушылар Отан қорғауға аттанды. Олардың алтауы жауынгерлік ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары Сәтбаев университетінің әскери кафедрасы Әскери іс институты болып жеке құрылды. Содан бері оның қабырғасында мыңдаған студенттер әскери білім алып, жоғары кәсіби біліктіліктерін ұрпаққа үлгі етіп келеді. Қазір олардың көпшілігі тәуелсіз Қазақстанның тыныштығын қорғап, еліміздің бейбітшілігін, тұрақты дамуын қамтамасыз етіп отыр. Мұның бәрі біздің әрқайсымыз үшін үлкен абырой, ұрпақ сабақтастығы, әрі даңқты дәстүр жалғастығы болып табылады.
Мереке құтты болсын, қымбатты достар! Әрқашан аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болып, аманшылықта жаңа жетістіктерге жете берейік!
Игі тілекпен, Сәтбаев университетінің
Ректоры Искандер Бейсембетов